Ерікті өтеусіз донорлық

Ерікті өтеусіз донорлық

Ерікті өтеусіз донорлық тегін донорлық емес екенін түсіну маңызды. Бұл нөлдік нүкте: қан тапсырған кезде адам ақша таппайды, бірақ қаржылық шығындарға да ұшырамайды. Өтеусіз донорлық еліміздегі азаматтардың санасына, барлығымызға да байланысты.

Ең бастысы, адам саналы және ерікті түрде, адамның өз жүрегінің қалауы бойынша, күнделікті біздің сүйікті ДОНОРЛАРЫМЫЗ жасайтындай, донор болуы тиіс. Олар донацияға өздері келіп қана қоймай, туыстарын, достары мен таныстарын донорлыққа шақырады. Кейбір донорлар қан орталығына балаларымен бірге келеді, сол арқылы болашақ ұрпаққа жақындарына деген жылулық пен сүйіспеншілік сезімін оятады.

Барлық донорлар әртүрлі, бірақ оларды бір ғана МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК біріктіреді! Қан компоненттеріне мұқтаж науқастарға көмек көрсету үшін 2022 жылдың 27 тамызында біздің донорлық сенбіге келіп, қан тапсырған барлық донорларға үлкен алғысымызды білдіреміз. Сіздерге мың алғыс!

Тегін қайырымдылықМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзі

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33