8 наурыз – мерекесіне орай өткен донорлық Акция!

8 наурыз – мерекесіне орай өткен донорлық Акция!

8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, бүгін, 2022 жылдың 05 – інші наурызы күні облыстық қан орталығында «8 наурыз – ғажайыптар мерекесі!» атты донорлық акция өтті.
Акцияның негізгі мақсаты-донорлыққа назар аудару және қан мен оның компоненттерін үнемі тапсыратын донор әйелдерді мадақтау.

Таңертеңнен бастап бірінші қабатта орналасқан тіркеу бөлімінің жанына көптеген сүйкімді ханымдар жиналды. Мерекеге орай нәзік қыздар қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмектесу үшін қан тапсыруға келді. Айта кету керек, қыздар өздерімен бірге жұбайларында ерте келген. Бұл күні мереке және демалыс күндері қан компоненттерінің қорын толықтыру үшін 30 астам донор қан тапсырды.

Әрине, ең бастысы, бұл күні біздің барлық өтеусіз донорларымыз – әйелдер донациядан кейін «Ukabeauty» кореялық және декоративтік косметика @ukabeauty дүкенінен тері күтімі бойынша косметикасын сыйлыққа 🎁алды.
Донорлық – әлеуметтік маңызды әрекет. Өмірді құтқару үшін қан тапсыру-бұл шексіз құрметке лайықты, сау адамдардың заманауи адамгершілік әрекеті.
Әрбір адам өзгенің өмірін құтқаруға ат салысқан донорларға алғысын білдіреді. Құрметті біздің донорлар! Сіздерді жылдың ең нәзік, жарқын және әдемі күні-8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Әйел – Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры, ыстық ықылас пен ыждаһаттың, пәктік пен тазалықтың қайнары. Олай болса, көктемнің осынау шуақты мерекесі көңілдеріңізді нұрға, жүректеріңізді жырға бөлесін.

Акцияның барлық қатысушыларына үлкен рахмет айтамыз!

Авторы: Мустафина М. А. @mira_akilbekovna

#донорлықакциясы #Қанорталығы #8наурыз

Хаттама №58 наурыз – ер азаматтардың назарынан тыс қалмайтын мерекелердің бірі.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33