Волонтерлік саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандум

Волонтерлік саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандум

2021 жылғы 12 қарашада «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК «Медициналық жастар» Республикалық қоғамдық бірлестігімен волонтерлік саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастықты дамыту туралы Меморандум жасасты. Аталған іс – шараның мақсаты – ерікті өтеусіз қан мен оның компоненттері донорлығының маңыздылығы, донорлар қатарына кіруге ынталандыру туралы халықты ақпараттандыруға волонтер-дәрігерлерді тарту.
Айта кету керек, «Birgemiz: Saýlyq» Денсаулық сақтау саласына медициналық еріктілерді тарту, науқастарды күтуге, оның ішінде хоспистерде, онкологиялық диспансерлерде көмек көрсету жөніндегі жаңа жалпыұлттық жоба республикалық деңгейде “азаматтық бастамаларды қолдау орталығы”КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында жүзеге асырылуда.
Осы жоба аясында 23 және 24 қараша күндері «Өскемен жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК науқастарға құю үшін ШҚОҚО – да қажетті қан компоненттерінің қорын толтыру үшін донорлық күндер өтеді.
Осы жобаға жарқын болашақ тілейміз және бірлесіп жасап жатқан жұмысымыз ШҚО-ның тұрғындарын өтеусіз қан донорларының қатарына қосылуға септігін тигізеді деп үміттенеміз..

Авторы: Мустафина М.А.

Сенің күнің, студент!Сенің күнің, студент

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33