Тату елдің тұғыры биік

Тату елдің тұғыры биік

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.

Осындай мереке қарсаңында, 2022 жылғы 29 сәуірде облыстық қан орталығында «Тату елдің тұғыры биік» атты ұранмен донорлық акция өтті.

Мереке және демалыс күндері қан компоненттерінің қорын толықтыру үшін бұл күні _ донор қан тапсырды. Донациядан кейін әрбір донор біздің серіктесіміз «Alpha_Med» @Alpha_Med.kz. ЖШС-нен сыйлық алды.
Құрметті Қазақстандықтар, сіздерді келе жатқан 1 мамыр Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз — молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!

Осы сенбіде, 2022 жылдың 30 сәуірінде қан орталығында “Донорлық сенбі” өтеді.AlphaMedGroup

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33