Жаңа ұйымдар, жаңа жетістіктер!

Жаңа ұйымдар, жаңа жетістіктер!

2023 жылғы 05 және 06 қаңтарда «Абай атындағы ШҚ гуманитарлық колледжі» КМҚК оқу орнының аумағында адамдар өте көп болды, бұлар студенттер мен оқытушылар, олар таңертеңнен бастап жақсылық жасау және қан компоненттерін құюды қажет ететіндерге қан тапсыру үшін кезекке тұрды.
Айта кету керек, «Абай атындағы ШҚ гуманитарлық колледжі» КМҚК – да мұндай іс-шара алғаш рет өтті, бірақ соған қарамастан екі күн ішінде 70-тен астам адам ерікті өтеусіз қан донорлары қатарына қосылды.

Қан тапсырған барлық донорларға бастамашылдығы мен бейтаныс адамдардың өмірін сақтап қалуға көмектесуге деген ұмтылысы үшін алғыс айтамыз! «Абай атындағы ШҚ гуманитарлық колледжі» КМҚК директоры Құрманов Фархад Сақанұлына, сондай – ақ директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Джуманазарова Жанар Сагаладиновнаға және колледждің фельдшері Омарова Мөлдір Жумабаевнаға ШҚО-да қан донорлығын қолдағаны үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.

Наталья Григорьевна, біз сізбен мақтанамыз!№3 кешкі мектептің мұғалімдері тағы да қан тапсыруға келді!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33