Көмекке қол созайық!

Көмекке қол созайық!

2021 жылдың 14 -інші мамырында Шығыс Қазақстан облысындағы “Халифа Алтай” мешітінде ең маңызды мұсылман мерекелерінің бірі- Ораза айт мерекесінде “Көмекке қол созайық!” атты донорлық акция өтті.
“Донорлар-тағдырлары әр қилы, өмірге деген көзқарастары әр түрлі адамдар, бірақ олар қан құюды қажет ететін науқастардың өмірін сақтап қалу үшін өз қанын береді. Миллиондаған адамдар бұрын – соңды көрмеген өмірлерін құтқарып қалған донорларға қарыздар. “Донорлық-бұл басқалар үшін жасалған үнсіз ерлік” деп бекер айтпайды!». Шынында да, біз берілген қанның кімге тиетінін білмейміз. Бірақ, донорлардың берген қандары босанған әйелге, жас балаларға немесе қарттарға көмектесуі әбден мүмкін. Алайда, біз қанға мұқтаж науқастарға көмектескенімізді білеміз!”- деп атап өтті акцияға қатысушылар.
Акцияның барлық қатысушыларына үлкен рахмет айтамыз! Бұл күні біздің барлық өтеусіз донорларымызға, ораза айт мерекесіне орай серіктесіміз “Eira Med”ЖШС-гі тәттілер салынған азық-түлік жиынтығын сыйға тартты.
Облыстық қан орталығының басшылығы Сіздерді исі мұсылман баласының ұлық мерекесі – ораза айтпен шын жүректен құттықтайды! Айт қабыл болсын!
Отбасыларыңызға бақыт пен береке, дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз!

Мерейтойыңызбен құттықтаймыз!Истории наших доноров

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33