Бүгін, 2022 жылдың 1 – інші сәуірінде облыстық қан орталығына 69 жыл толды.

Бүгін, 2022 жылдың 1 – інші сәуірінде облыстық қан орталығына 69 жыл толды.

Туған күн – әрбір адамның өміріндегі ең бақытты күндердің бірі. Бұл күн қуанышқа, шаттыққа, ерекше сыйлықтарға, құттықтаулар мен қызықты естеліктерге толы мереке!

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы Денсаулық сақтау саласындағы ұлттық стандарттарға сәйкес келеді, 2021 жылы 1-санатты тағайындаумен аккредиттелген, ең жаңа жоғары технологиялық жабдықтың иегері болып табылады, Өскемен қаласы мен Шығыс Қазақстан өңірінің пациенттерін қауіпсіз және сапалы қан компоненттерімен қамтамасыз етеді.

Қан орталығының ұжымы-қанды дайындаудың, өңдеудің және диагностикалаудың заманауи әдістерін меңгерген жоғары білікті қызметкерлер. Барлық медицина қызметкерлері маман сертификаттарына ие және өз біліктіліктерін үнемі жетілдіріп отырады. Қан орталығының мамандары Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар АҚШ, Германия, Израиль, Польша, Ресейдің жетекші қан банктерінде де оқудан өтеді.
Қан орталығында кәсіпорынға адалдығын көтермелеу мақсатында “ШҚ ОҚО құрметті қызметкері” төсбелгісі құрылды, ол орталықта 25 жыл жұмыс істеген қызметкерлерге беріледі.

Бүгінгі таңда бұл белгімен 31 адам марапатталды. Бүгінгі ұрпақ үшін біздің ардагерлеріміз, сіздердің тағылымдарыңыз – жоғары азаматтықтың, руханилық пен патриотизмнің сарқылмас қайнар көзі. Жас ұрпаққа, жаңа ғана отансүйгіш – денсаулықты қорғаушылар қатарына қосылғандарға үздіксіз білім алып, ардагерлер ісінің лайықты жалғастырушысы болуларына тілектеспіз!

Адамдардың өмірін құтқара отырып және денсаулықтарын сақтай отырып, біз ШҚО медициналық ұйымдарындағы пациенттерге өздерін қайта табуға көмектесеміз, болашаққа үмітпен қарауға және жаңа жоспарлар құруға мүмкіндік береміз. Бұл жағдайда басты рөл донорларға тиесілі. Құрметті біздің донорлар, сіздерге күн сайын, сағат сайын, күндіз-түні, мереке күндеріне және жұмыс күндеріне қарамастан шыдамдылық пен сезімталдықты көрсетіп, өзіңіздің бөлшегіңізді бере отырып, борышыңызды орындап, қан тапсырғаныңыз үшін үлкен рахмет. Сіздерге шын жүректен зор денсаулық, жұмыста табыс пен сәттілік, бақыт, амандық және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз. Сіздермен бірлесіп атқарылатын жұмыс Шығыс Қазақстан облысы халқының игілігі үшін болсын.

Туған күніңмен біздің сүйікті қан орталығы! Одан әрі өркендеу мен биік белестерді бағындыруды тілейміз.

Хабарландыру №8Қымбатты достар, біз Сіздердің назарларыңызға ай сайынғы «Донорлық күнтізбе» айдарын ұсынамыз!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33