Көшпелі бригада жылжымалы донорлық күндерді ұйымдастырады

Көшпелі бригада жылжымалы донорлық күндерді ұйымдастырады

Адамдарды жұмыс үдерісінен қол үзбеу мақсатында “Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы” ШЖҚ КМК (бұдан әрі – ШҚ ОҚО) көшпелі донорлық күндерін біздің қаламыздың және облыстың ұйымдары мен кәсіпорындарында ұйымдастырады.

Осындай донорлық күндердің бірі 2022 жылғы 06 сәуірде “ШҚО азаматтарына арналған үкімет” МК КЕАҚ өтті.

Донорлық-қайырымдылықтың көрінісі, адамның белсенді азаматтық және әлеуметтік ұстанымының көрінісі.Қан немесе оның компоненттерін тапсырғандардың бәрі адам өмірін құтқарып қалуға және сақтауға үлкен үлес қосады. Донор болу тек құрметке лайықты болу ғана емес, сонымен қатар адам ағзасы үшін қан тапсыру пайдалы, себебі донордың ағзасында қан айналу үдерісі жылдамырақ болады. Донорлық-емделушіге ғана емес, донордың өзіне де даусыз пайда келтіруге мүмкіндік беретін қайырымдылық, риясыз және игі іс!

Бұл күні ерікті өтеусіз қан донорларының қатарына “ШҚО азаматтарына арналған үкімет”МК КЕАҚ  40 қызметкері кірді.

ШҚ ОҚО басшылығы барлық қатысушыларға өзгенің өімірі үшін жасап жатқан қайырымды істері үшін алғыс білдіреді. Біздің донорларымызға зор денсаулық, отбасыларына амандық тілейміз!

2022 жылғы 06 – ыншы сәуірде «ШҚО бойынша азаматтарға арналған үкімет МК» КЕАҚ Донор күні өтеді.Достар бүгін біз сіздерге донорымыз Кузнецов Иван Михайлович туралы айтқымыз келеді!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33