Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!

Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!

Жаңа жыл қарсаңында, 2022 жылдың 29 желтоқсанында Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында «Науқастардың өмірін сақтап қалғаныңыз үшін Донор Сізге рахмет!» ұранымен кең ауқымды Акция өтеді.

Біздің ең мейірімді акциямызға басқа біреудің өміріне бей-жай қарамайтын сүйікті қаламыздың барлық тұрғындарын шақырамыз.

Донорларды қабылдау 8.30-дан 13.00-ге дейін.

Бұл күні барлық өтеусіз қан мен оның компоненттері донорларын донациядан кейін біздің серіктестеріміз: «МилКом» ЖШС, «Медициналық техника орталығы» ЖШС, «Май» АҚ, «EiraMed» ЖШС және Қызыл Жарты Ай қоғамының ШҚО филиалының жаңа жылдық мерекелік дастархандары мен сыйлықтары күтеді.

МАҢЫЗДЫ! Алғашқы болып қан тапсырған 10 донорға, сыйлықтарына қосымша, таңдау арқылы біздің қолтаңбамыз белгіленген сыйлықтарымызды (кепка, футболка, брелок) тарту етеміз.

Репост және біздің хабарландыру белгісі сіздердің стористарыңызда құпталады!

Біздің мекен-жайымыз: Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы, ЖМК ауданы, Көкжал Барақ көшесі, 11, №260, 26, 17 және 46 автобустарымен жол жүру, Қан орталығы аялдамасы, анықтама телефондары: 70-08-08, 70-38-38, 87051761801, 87051761799, 87055005632, 87055005819, 87057520964.

Жеке куәліктің түпнұсқасының болуы міндетті!!

Достар, қан тапсыруға жақындарыңызды, достарыңызды, таныстарыңызды және әріптестеріңізді шақыруды ұмытпаңыздар!!

«Мен – донормын!» атты ұранмен донорлық акция өттіХаттама №4

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33