Мен ШҚО донорымын!

Мен ШҚО донорымын!

Шығыс Қазақстан облысы қылмыстық – атқару жүйесі департаменті (бұдан әрі-ШҚО ҚАЖД) қызметкерлерінің арасында қыркүйек айы дәстүрлі түрде «Мен ШҚО донорымын!» атты ұранымен донорлық акция айы болып жарияланды. 2022 жылдың 06 және 07 қыркүйегінде ШҚО ҚАЖД қызметкерлері мен ОВ 156/3 мекемесінің әскери қызметшілері өздерінде алғашқы донорлық акцияны өткізді.

Бұл күндері 70 әскери қызметші өтеусіз қан донорларының қатарына кірді. Мекеме қызметкерлері мен әскери қызметкерлер арасында қан тапсыруға ниет білдірушілер көп болды. Барлығының бір ғана тілегі– қайырымдылық акцияға қолдау көрсету және олар біздің жан тыныштығымызды қорғап қана қоймай, қан компоненттерін құюды қажет ететін, өздеріне мүлдем таныс емес адамдардың өмірін өз қанымен құтқаруға әрқашан дайын екендігін өз тәжірибелерінде көрсету.

Өз кезегінде ШҚ ОҚО басшылығы әскери қызметшілерге ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығына шақырғаны және түсіністік танытқаны үшін шынайы алғысын білдіреді. Біздің барлық ерікті өтеусіз қан донорларына мың алғыс!

Хаттама №1 ИОИҚан мен оның компоненттерін зарарсыздыққа зерттеу

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33