Өскемен Водоканал

Өскемен Водоканал

2021 жылғы 16 қарашада «Өскемен Водоканал» ШЖҚ КМК донорлық күн өтті. Осындай ерікті, өтеусіз донорлық акцияға қатысуға 36 қызметкер ықыластарын білдірсе, дәрігерлердің қорытындысы бойынша және денсаулық жағдайы бойынша 23 адам донор бола алды.
«Донор болу-үлкен іс». Күнделікті өмірдің, күйбен тіршіліктің арқасында әр адам қан орталығына барып, қан тапсырып донор бола алмайды. Облыстық қан орталығының қызметкерлеріне осындай көшпелі донорлық күндер ұйымдастырып жатқандарына үлкен рахмет айтамыз, соның арқасында біздің қан тапсыруға мүмкіндігіміз бар. Біз бір-бірімізге ойланбастан көмектесуіміз керек. Донор болу-әр адамның міндеті. Донор болу – игі іс», – деп атап өтті «Өскемен Водоканал» ШЖҚ КМК қызметкерлері.
«Өскемен Водоканал»ШЖҚ КМК директоры Әубәкіров Ержан Майданұлына ұзақ шығармашылық ынтымақтастығы және ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын түсінгені үшін алғысымызды білдіреміз.
Акцияның барлық қатысушыларына қайырымдылығы мен жасаған жақсылықтары үшін рахмет айтамыз!

Сенің күнің, студентХаттама №19. БҰС

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33