“Наурыз – жақсылықтың бастауы” атты ұранмен қайырымдылық донорлық акциясы өтті.

“Наурыз – жақсылықтың бастауы” атты ұранмен қайырымдылық донорлық акциясы өтті.

2022 жылғы 18 -інші наурызда қан орталығында “Eira Med” ЖШС, “Ukabeauty” @ukabeauty дүкені және “Демалысқа арналған киімдер” студиясы” серіктестерінің қолдауымен “Наурыз – жақсылықтың бастауы” атты ұранмен қайырымдылық донорлық акциясы өтті.

Алғашқы екі серіктеспен облыстық қан орталығы ұзақ уақыт бойы ынтымақтасып келеді.
“Eira Med” ЖШС – бұл медициналық бұйымдарды ғана шығармайды, сондай-ақ, Қазақстанда өтеусіз донорлықты қолдау үшін қайырымдылық көмек көрсететін зауыт.

“Ukabeauty” корей және сәндік косметика дүкені біздің әдемі донор әйелдерге жылдың кез келген уақытында тұрақты күтімді қажет ететін тері күтімі құралдарын ұсынды.

Біздің жаңа серіктесіміз – жоғары санатты дизайнер Ирина Лантухтың жетекшілігімен демалуға арналған киім тігу студиясынан сіз әрқашан керемет үй жиынтығын таңдай аласыз.Құрметті біздің серіктестер, облыста өтеусіз қан донорлығын қолдағандарыңыз үшін сіздерге үлкен рахмет.

Бүгінгі жасап жатқан жақсылықтарыңыз ертең сіздерге мың еселеп қайтсын! Сіздерге және сіздердің ұжымдарыңызға қызықты идеялар мен оларды жүзеге асыруды, зор табыстар, сенімді серіктестер мен бизнестің өркендеуін, сондай-ақ көктемгі көңіл-күй, мықты денсаулық пен белсенді ұзақ өмір сүруді тілейміз!

Наурыз-көктемгі жаңару мерекесіҚұрметті Өскемен қаласының тұрғындары

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33