Науқастардың өмірін сақтап қалу үшін арнайы жедел әрекет ету жасағының жылдам реакциясы!

Науқастардың өмірін сақтап қалу үшін арнайы жедел әрекет ету жасағының жылдам реакциясы!

Бүгін, 2022 жылдың 05 желтоқсанында «ШҚО полиция департаментінің жедел әрекет ету жасағы» ММ аумағында полиция қызметкерлері арасында донорлық күн өтті.

Ұжымның донорлық қозғалысқа қатысуы – бұл ШҚО қан орталығының гемоөнім банкінің баға жетпес қорларын толықтыру мүмкіндігі. Бір-екі сағаттық жұмыс барысында шамамен 15 литр донорлық қан дайындалды, ол мұқият медициналық тексеруден кейін ауыр хирургиялық операциялардан, жарақаттардан, онкогематологиялық аурулары бар науқастарға, босанған әйелдерге көмек көрсету үшін ауруханаларға жіберіледі.

Ұйым аумағындағы көшпелі донорлық акциялар қызметкерлерге жұмыстан ұзақ уақыт кетпей, донорлық қозғалысқа қосылуға мүмкіндік береді.

Шын жүректен, біз акцияның барлық қатысушылары мен ұйымдастырушыларына, қан тапсыратын барлық ерікті және өтеусіз донорларға.

«Рахмет!» айтамыз. Мейірімділік пен адалдықтарыңызға, жылы жүздесу мен баға жетпес көмектеріңіз үшін рахмет.

Қымбатты достар, біз Сіздердің назарларыңызға ай сайынғы 📆«Донорлық күнтізбе» айдарын ұсынамыз!Біздің әрқайсымыз бақытты болу және жақсылық жасау үшін туылғанбыз!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33