Назар аударыңыз! Назар аударыңыз! Донорлық Акция!

Назар аударыңыз! Назар аударыңыз! Донорлық Акция!

Қарашаның үшінші жексенбісінде бүкіл әлем бойынша Дүниежүзілік ЖКО құрбандарын еске алу күні өтуде. Бұл күнді БҰҰ – ның  Бас Ассамблеясы ресми түрде белгіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Жол қауіпсіздігі саласындағы жақсартуларға қарамастан, жыл сайын жол-көлік оқиғалары салдарынан көптеген адамдар көз жұмады.  Жол апаттарының құрбандарын еске алу күнін жыл сайын өткізу идеясы

«Road Peace» – ЖКО құрбандарына көмек көрсететін британдық қайырымдылық қорына тиесілі, бұл күнді 1993 жылдан бері атап өтіп келеді.

Құрметті шығыс қазақстандықтар, сіздерді 2022 жылғы 21 қарашада облыстық қан орталығына Дүниежүзілік ЖКО құрбандары күніне арналған «ЖКО – да  зардап шеккендерге қол ұшын сөзып көмек көрсететін донор» атты  қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз.

Қан орталығында донорларды қабылдау түскі үзіліссіз сағат 8:30-дан 13: 00-ге дейін, мекенжайы Көкжал Барақ көшесі, 11

Қан орталығына  46, 260,17, 26 автобустарымен келуге болады «Қан орталығы» аялдамасы.

Біздің акцияға өзгенің өміріне  бей-жай қарамайтын тұрғындарды шақырамыз!

Бұл күні қайырымдылық акциясының барлық қатысушылары біздің серіктесіміз дайындаған  сыйлықтарға ие болады!

 

Әлеуметтік қызметкерлерге белсенді жұмыс күндері қан тапсыру кедергі етпейді!Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33