Донорларды қолдау

Донорларды қолдау

Құрметті донорлар, ШҚО ДСБ “Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы” ШЖҚ КМК – да  донорды қолдау және ішкі бақылау қызметі (бұдан әрі-ДҚжІБҚ) жұмыс істейді. ДҚжІБҚ – нің  міндеті донордың (пациенттің) уақытылы, сапалы және қауіпсіз медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады.

Егер сіз біздің қан орталығында медициналық қызмет көрсету сапасы мен тәртібіне байланысты проблемалық сұрақтарға тап болсаңыз, онда сіз келесі тәсілдердің бірімен ДҚжІБҚ  жүгіне аласыз:

1) 704222 телефоны бойынша;

2) ДҚжІБҚ  мамандарының жеке өзіне № 232 кабинетке;

3) қан орталығының 1, 2 және 3-қабаттарының холлында орналасқан өтініш жәшіктерінде сіз  атыңызды, тегіңізді және байланыс деректеріңізді (телефон, мекенжай) көрсете отырып, жазбаша өтінішіңізді қалдыруға немесе 070016 индекс, Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11 мекенжайына пошта арқылы жіберуге болады.

Объективтілік және шынайылық  қағидаттарын сақтау мақсатында Сіздің өтінішіңіз комиссиямен қаралатын болады. Өтініштер заңнамада белгіленген мерзімде қаралады және кейіннен шешім нәтижелері туралы Сізге хабарланады.

Сізді қызықтыратын жалпы сипаттағы сұрақтарды (донорлық туралы және т. б.) қан орталығының www.vkock.kz сайтында интернет-қабылдау бөлімінде немесе әлеуметтік желілердегі қан орталығының аккаунттары арқылы қоюуыңызға болады.

Өйткені әрбір тест – бұл өмір!Қарттар күні

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33