“ШҚО азаматтарына арналған үкімет” МК КЕАҚ -да донор күні

“ШҚО азаматтарына арналған үкімет” МК КЕАҚ -да донор күні

2022 жылғы 10 қазанда Қазақстан көшесі, 159/4 мекенжайында орналасқан “ШҚО азаматтарына арналған үкімет” МК КЕАҚ-да қызметкерлер мен қаламыздың тұрғындары үшін донорлық күн өтті. “Ақтай” сауда үйінің аумағында қан тапсыруға ниет білдіргендердің барлығы үшін жылжымалы қан тапсыру пункті ашылды.

Бұл күні қан тапсыруға үнемі қан тапсыратын тәжірибелі еріктілер және қан тапсыруға алғаш қадам жасауға бел буғандар келді. Бір жұмыс күні ішінде қан орталығының көшпелі бригадасы 40-қа жуық адамды қабылдады.

Донордың корпоративтік күндерін өткізу әртүрлі қалалық ұйымдарда жақсы дәстүрге айналуда. Донорлық-компанияның әлеуметтік жауапкершілігін көрсету және ұжымды біріктіру мүмкіндігі болып табылады.

ШҚО бойынша өтеусіз қан донорлығына белсенді қатысып, қолдау көрсеткендері үшін барлық донорларымызға зор алғысымызды білдіреміз.

“ШҚО азаматтарына арналған үкімет” МК КЕАҚ-да донор күнін өткізуге көмектескені үшін біздің еріктілер мен белсенділерімізге үлкен рахмет.

Баршаңызға мықты денсаулық отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Қан тапсыру туралы дәріс”Донор” сөзінің түсінігі

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33