ШҚО ҚАЖД донорлық күні

ШҚО ҚАЖД донорлық күні

2023 жылғы 11 мамырдан бастап Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйелері департаментінде (бұдан әрі – ШҚО ҚАЖД) «Мен-донормын!» атты ұранмен донорлық акция басталды. Акцияның бастамашылары 10 жыл бойы мекеме қызметкерлері мен әскери қызметшілер болды.

«Облыстық қан орталығымен қан тапсыру бойынша осындай қайырымдылық акциялар жалғасатын болады, бұл өз кезегінде қызметкерлеріміздің денсаулығына оң әсер етеді және мұқтаж жандарға үлкен көмек болып табылады. Акция біздің барлық мекемелерде өтеді және оған ШҚО бойынша ҚАЖД-ның 150-ден астам қызметкері қатысады. Бұл ШҚО бойынша ҚАЖД пробация қызметінің қызметкерлері және Өскемен қаласында орналасқан мекеменің қызметкерлері. Біз адам өмірін құтқару сияқты игі істі қолдауға әрқашан дайынбыз», – деп атап өтті акцияны ұйымдастырушы Катанов Арман.

Өз кезегінде ШҚОҚО басшылығы ШҚО бойынша ҚАЖД бастығы, полиция полковнигі Калетаев Жанболат Аманұлына ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту жөнінде атқарылып жатқан бірлескен жұмыстың маңыздылығына түсіністік танытқаны үшін шын жүректен алғысын білдіреді.

Акцияның барлық қатысушыларына жауапкершілікпен жасап жатқан игі істеріне рахмет айтамыз!

Протокол №1Біз сені мақтан тұтамыз!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33