Қарттар күні

Қарттар күні

Үлкендерге көмектесу және оларды құрметтеу керектігін еске салатын Қарттар күні бүкіл қоғам үшін өте маңызды, сондықтан 1991 жылдан бері халықаралық деңгейде аталып келеді.
Қарттар күні барлық жерде күздің екінші айының бірінші күні – 1 қазанда атап өтіледі: бұл мереке Халықаралық мәртебеге ие. 1 қазан күні кездейсоқ таңдалмаған: қарттық – бұл алтын уақыт, яғни «күз» мезгілімен теңеледі деген пікір бар, сондықтан аға ұрпаққа күз мезгілінің ортасында ерекше күн беру туралы шешім қабылданды. Бұл күннің басты мақсаты – ғаламшардың барлық тұрғындарының назарын қарттардың мәселелері мен қиындықтарына аудару.
Осындай мерекеде қан орталығының қызметкерлері шетте қалмай, өз ардагерлерін мерекемен құттықтады.
Қарттары бар ел – бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін! Құрметті ардагерлер, дендеріңізге саулық, отбасы-әулеттеріңізге амандық тілейміз!

Дүниежүзілік сүйек кемігі донорларының№15 хабарландыру

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33