«Донор күні!» ерікті акциясы.

«Донор күні!» ерікті акциясы.

2022 жылдың 25-інші шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Донор күні!» ерікті акцияның қатысушылары болды және олар шамамен 10 литр қан тапсырды.

Қан тапсырғысы келетіндер саны жоспарланған донорлар санынан асып түсті. Басты талаптар – донор ағзаның барлық негізгі жүйелері бойынша дені сау болуы тиіс, қан алу алдында тамақтанудағы, дене жүктемесіндегі, алкогольді тұтыну мен шылым шегудегі шектеулерді сақтауы тиіс. Алынған қан көлемі – 450 мл.

«ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті әрдайым Донор күніне белсенді қатысатын. Бізде қан тапсыруға ниет білдірушілердің саны өте көп, олардың арасында тұрақты донорлар да бар. Егер біздің көмегіміз қажет болса, біз әрқашан облыстық қан орталығын қолдауға және донорлық қанға мұқтаж науқастардың өмірін сақтап қалуға дайынбыз!» – деп Департамент қызметкерлері атап өтті.

Құрметті донорлар! Қанның бір бөлігін беру арқылы сіз басқаларға аман қалуға физикалық тұрғыдан көмектесіп қана қоймай, жақсы, жарқын және жомарт жаныңыздың бір бөлігін бересіздер. Сіздер әлемді жақсы жаққа өзгертесіз және бұл ризашылыққа лайық.

Қан тапсыру – қанға мұқтаж адамның өмірін сақтап қалудың ең қауіпсізДОНОРЛЫҚ СЕНБІ!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33