Е-Заң көмегі

Е-Заң көмегі

Елде жүргізіліп жатқан цифрландыру саясаты шеңберінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (бұдан әрі – «ҰАТ» АҚ) «Е-Заң көмегі» заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі әзірленді.
Жобаның мақсаты халықты онлайн режимде білікті заң көмегімен қамтамасыз ету, адвокаттық қызметті және Заң консультанттарының қызметін автоматтандыру, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарымен ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.
«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» ҚР Заңының 19-бабының 2-тармағына және 26-бабына сәйкес «Е-Заң көмегі» АЖ-да (hhp://eup.kz/) халыққа кешенді әлеуметтік заң көмегі және мемлекет кепілдік берген заң көмегі бойынша тегін негізде онлайн режимінде кеңес алу мүмкіндігі көзделген. Сондай-ақ адвокаттар мен заң консультанттарын іздеу бойынша функционал іске асырылды. Бұл сервис халыққа адвокат, мамандандыру бойынша заң консультантын іздеуге мүмкіндік береді.
Құрметті шығысқазақстандықтар! Сізде қазір үйден шықпай-ақ онлайн режимінде адвокаттардың қызметтерін тегін пайдалануға тамаша мүмкіндік бар! COVID-19 кезеңінде бұл өте маңызды.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша «Е-Заң көмегі» АЖ (hhp://eup.kz/) немесе 741146 нөмірі бойынша хабарласуға болады

Бауырыңа өмір сыйлаҚазақстан полициясы күні

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33