Махаббатпен тарту еткен сый!

Махаббатпен тарту еткен сый!

Сыйлық ол – ілтипат. Бір адамның екінші адамға деген шынайы ықылас көпірі. Сыйлықтың қатқан жүректі жібітіп, оны жұмсартатын ерекше қасиеті бар. Қайнаған ашу-ызаны сейілтіп, оның орнына сүйіспеншілік сезімін оятатын ерекше күшке ие. Бұл достарыңыз бен жақындарыңыз үшін күтпеген және әсерлі тосын сый. Осыған, “Өскемен Ростов қуыршақ Аниматоры Ақ Аю құттықтауы “ студиясының ақ аюы айқын дәлел. Ол кез-келген мерекені өзінің жарқын қойылымымен және акробатикалық трюктерімен әсерлі етуге дайын. Ол үйге, ауруханаға, кафеге, мектепке, балабақшаға, мейрамханаға және де жұмысқа бара алады.
Қан орталығында өткен жаңа жыл мерекесіне арналған ең мейірімді донорлық акцияға, біздің сүйікті донорларымызды мерекемен құттықтау үшін ақ аю қонаққа келді. Бұл күні аюдың қан орталығына келуі біздің донорларымыз үшін де, қызметкерлеріміз үшін де күтпеген тосын сый болды. Барлығы осындай жаңа жылдық сыйлыққа қатты қуанып, олар тіпті қонақты жібергісі келмеді, аюмен би билеп, суретке түсті.

“Өскемен Ростов қуыршақ Аниматоры Ақ Аю құттықтауы” студиясының директоры Юлия Маарифовна Огулева мен аниматор Александр Юрьевич Боровиковқа, Шығыс Қазақстан облысында өтеусіз қан донорлығын қолдағаны және донорлар мен қан орталығы ұжымын жаңа жылмен құттықтағаны үшін үлкен рахмет! Сіздерге шығармашылық табыс пен клиенттеріңіздің көп болуына тілектеспіз! Көңілді және ақжарқын қалыптарыңыздан таймаңыздар! Отбасыларыңызға амандық және мықты денсаулық тілейміз!

Хабарлама №4 БҰС«ҮМЗ» АҚ зауытшылары науқастарға көмек ретінде қан тапсырды.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33