Қауіпсіздік үшін біргеміз!

Қауіпсіздік үшін біргеміз!

Пациенттерге трансфузиялық терапияның сапасы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында Облыстық қан орталығы жыл сайын стационарлық көмек көрсететін ШҚО қалалары мен аудандарының 24 денсаулық сақтау ұйымдарында қан компоненттері мен препараттарының клиникалық пайдаланылуына мониторинг жүргізеді.  Мониторингті ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы бекіткен кесте бойынша ШҚО ДБ бас трансфузиологы С.А. Шмурыгинаның басшылығымен облыстық қан орталығының мониторингтік тобы жүзеге асырады. Мониторингтік топқа трансфузиолог – дәрігерлер С.М. Кулиманова, Е. Е. Сергеева, А. М. Шакшанова және иммуногематология саласындағы маман Е. А. Екимцева кіреді.

Мониторинг барысында:

1) денсаулық сақтау ұйымдарында трансфузиялық көмек көрсету мәселелері бойынша нормативтік талаптарды орындау;

2) жүргізілетін трансфузиялық терапияның негізділігі;

3) иммуногематологиялық зертханалық зерттеулер жүргізудің дұрыстығы мен толықтығын бағалау, реагенттерге кіріс және күнделікті бақылау жүргізу;

4) қан компоненттері мен препараттарын тасымалдау мен сақтаудың қажетті шарттарын, диагностикалық стандарттарды сақтау;

5) есептік медициналық құжаттаманың дұрыс толтырылуына бағалау жүргізіледі.

Бағалау аяқталғаннан кейін мониторингтік топ қорытынды шығарады, денсаулық сақтау ұйымдарында трансфузиялық терапияны жақсарту және оңтайландыру бойынша ұсынымдар тұжырымдалады, басшылықпен және медперсоналмен анықталған ескертулерді талқылау жүргізіледі. Бұдан басқа, мониторингтік топ трансфузиялық терапияны жүргізуге қатысатын ШҚО медицина қызметкерлерін донорлық қан компоненттерін клиникалық қолдану, қан тобын анықтау әдістемесі, донор мен реципиенттің қан үйлесімділігіне сынамалар жүргізу және т. б. бөлігінде оқытуды жүргізеді.

Денсаулық сақтау ұйымдарында қан компоненттері мен препараттарын клиникалық пайдаланудың жыл сайынғы сыртқы мониторингінің нәтижелерін талдау ШҚО денсаулық сақтау басқармасының алқалары мен кеңестерінде үнемі тыңдалады.

 

Құрастырған:            ДЖБ  меңгерушісі                С. М. Кулиманова

ҚжКДБ меңгерушісі             Е. Е.Сергеева

 

 

Ақ халатты абзал жандар өмірді сақтайды!Энергетиктер бізге жарық беріп қана қоймай, өмірді де сақтайды!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33