Біздің әрқайсымыз бақытты болу және жақсылық жасау үшін туылғанбыз!

Біздің әрқайсымыз бақытты болу және жақсылық жасау үшін туылғанбыз!

5 желтоқсан-Еріктілер күні! Бұл мерекенің пайда болу тарихы 1985 жылы, БҰҰ Ассамблеясы бүкіл әлем үшін әлеуметтік маңызы бар мереке – еріктілер күнін өткізу туралы ұсыныс жасаған кезде басталады. Өйткені, әркім өз істері мен қажеттіліктерін біржола қойып, мұқтаж адамға көмекке келе алмайды.

Нағыз мейірімді және жанашыр адам ғана ерікті бола алады. Өйткені, бұл адамдар қоғамдық өмірдің барлық салаларына үлкен үлес қосады, бұл назардан тыс қалмауы керек. Мереке халықаралық мәртебеге ие және көптеген елдерде сәтті атап өтіледі.

Осындай тамаша күні «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК ұжымы өзінің өмір сыйлаушыларын – донорларды, кәсіпорындарда, ұйымдарда, оқу орындарында донорлық күндерді ұйымдастырушыларды, серіктестерін осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтайды!

Сіздердің әрқайсыларыңыз – шынайы құрметке лайықты азаматсыздар.

Сіздің және сіз жасаған игілікті істің арқасында қан компоненттерін құюды қажет ететін көптеген реципиенттер туыстары мен достарына оралды!

Біз Сіз сияқты адамдардың барын мақтан тұтамыз!

Біздің іс-шараларымызды қолдағаны үшін серіктестерімізге үлкен рахмет!

Құрметті біздің еріктілер, төл мерекелеріңіз құтты болсын!

Әрқашан қызықты тапсырмаларға деген энергияларыңыз көп болғай!

Батыл идеяларды жүзеге асыруда жігерлі болыңыздар!

Сіздерге және жақындарыңызға денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

Науқастардың өмірін сақтап қалу үшін арнайы жедел әрекет ету жасағының жылдам реакциясы!Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33