Наталья Григорьевна, біз сізбен мақтанамыз!

Наталья Григорьевна, біз сізбен мақтанамыз!

2022 жылғы 30 желтоқсанда Жаңа жыл қарсаңында «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК ұжымы қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінің медбикесі-Пальшина Наталья Григорьевнаны құрметті еңбек демалысына шығарып салды. Наталья Григорьевна, қырық бір жыл облыстық қан орталығында донорлардан қан мен оның компоненттерін дайындайтын эксфузионист-медбике ретінде еңбек етті. Жұмыс барысында ол стационарлық және көшпелі жағдайларда донорлардан қан алу әдістерін толық игерді. Оның басшылығымен бригада әрқашан жиналған қан көлемі бойынша көшбасшы болды. Наталья Григорьевна қан компоненттерін дайындауға арналған жаңа технологиялық жабдықты енгізуге белсенді қатысты, донорлардан қан компоненттерін автоматты түрде дайындау технологияларын жетік меңгерді. Бұның бәрі кәсіби деңгей мен біліктілікті үнемі арттырусыз мүмкін болмады.

Наталья Григорьевна жас мамандардың тәлімгері. Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында жұмыс істеген жылдар бойы ол ең үздік медбикелердің қатарынан орын алды, бүгінгі күнге дейін донорлар мен әріптестерінің құрметіне және сүйіспеншілігіне ие. Оның «алтын» мінезі, шебер қолдары және жұмысқа деген адал көзқарасы – әріптестеріне үлгі бола білді. Қажырлы еңбегі, жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін Н. Г. Пальшина бірнеше рет Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының және кәсіпорынның құрмет грамоталарымен марапатталды. 2015 жылы кәсіпорында 25 жылдан астам жұмыс істеген маман ретінде «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК – ның «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. 2022 жылы медицина қызметкерлері күніне орай Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Бекқызы Нүсіпова мемлекеттік наградамен, «Еңбек ардагері» төсбелгісімен марапаттады. Қан орталығының барлық ұжымы Наталья Григорьевнаны лайықты зейнеткерлікке шығуымен шын жүректен құттықтайды. Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Қуанышыңыз құтты болсын! Сізге зор денсаулық және ұзақ өмір тілейміз! Еңбек демалысыңыздың әр күні шалқыған шаттыққа, бақытқа, қуанышқа толы болуына тілектеспіз!

Лейкосүзгілеу – құйылатын қанның қауіпсіздігін арттыру тәсіліЖаңа ұйымдар, жаңа жетістіктер!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33