“Донор – өмір сыйлаушы!” балалар суреті байқауының номинаттары

“Донор – өмір сыйлаушы!” балалар суреті байқауының номинаттары

Дүниежүзілік қан доноры күні қарсаңында және донорлық мектебі шеңберінде балалар мен жасөспірімдердің назарын шығармашылық қызмет арқылы қан донорлығы мәселелеріне аудару мақсатында облыстық қан орталығы “Донор – өмір сыйлаушы!” тақырыбында балалар суретінің байқауын өткізді. Байқауға 5 жастан 14 жасқа дейінгі 20 бала қатысты, олар салған суреттерінде өз қанын мұқтаж адамдарға өз еркімен беретін донордың бейнесін ашуға тырысты. Олар қан тапсыру туралы қан орталығының мамандарынан, оқытушылардан, қан тапсырған туыстары мен жақындарынан білді.

Бүгін, 2021 жылдың 01 -інші маусымында, балаларды қорғау күні мерекесінде облыстық қан орталығының басшылығы барлық балаларға салтанатты түрде алғыс білдіріп, сайысқа қатысқан балаларды естелік дипломдармен және сыйлықтармен марапаттады.

Салтанатты бөлімнен кейін біздің жас қонақтарымыз қан орталығының ауласына шықты, онда оларды Күлбикеш әлемінің ертегі кейіпкерлері күтіп алды.
Балалардың барлық суреттері қан орталығының бірінші қабатының холлындағы стендке безендіріліп орналастырылды.
“Монтессория”балаларды интеллектуалды және шығармашылық дамыту орталығы мектепке дейінгі мекемесінің директоры Баккелдиева Айгүл Бекенқызына жыл сайын біздің байқауларға қатысқандары үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.

Сонымен қатар, біздің қатысушыларға ұсынған сыйлықтары үшін”Vita Мир” сауда орталығына рахмет айтамыз. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да, бақытты кезең.1 маусым балаларды қорғау күні құтты болсын! Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ, әрқашанда сыңғырлаған күлкі тілейміз. Балалық шақтарыңыздың қызықты күндері таусылмасын демекпіз!

Сенбілік облыстық қан орталығындаДонор -өмір сыйлаушы!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33