Туған күніңізде өмір сыйлаңыз!

Туған күніңізде өмір сыйлаңыз!

Бүгін біздің сүйкімді де мейірімді донорымыз Сыдықова Айжан Нұрланқызы өзінің туған күнінде, науқастарға өмір сыйлау үшін қан орталығына келді!
Айжан Нұрланқызы 2019 жылдан бастап біздің өтеусіз қан донорымыз болып табылады.
«Бүгін мен туған күнімде қанға мұқтаж науқастар үшін, қан орталығына келіп қан тапсырдым!»- деп атап өтті Айжан Нұрланқызы.
Құрметті Айжан Нұрланқызы, сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Деніңіз сау болсын, аспаныңыз ашық болсын. Өмір деген үлкен белестің тайғақ жерінен таймай, сулы жеріне батпай, отты жеріне жанбай, соқпағына соқтықпай, көздеген арман-мұраттарыңызға жете беруіңізге тілектеспіз!

Біздің донордың туған күніДонорлық күн

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33