Естен танусыз қан мен оның компоненттерін беруге көмектесетін ұсыныстар

Естен танусыз қан мен оның компоненттерін беруге көмектесетін ұсыныстар

Естен тану немесе синкопе (лат. syncope) – мидың өтпелі ишемиясына (қанмен қамтамасыз етудің төмендеуіне) байланысты сананың кенеттен қысқа мерзімді жоғалуы.
Қан қысымының (ҚҚ) төмендеуінен туындаған қанайналым жүйесіндегі өтпелі өзгерістер донордың есінен тануына әкеледі. Қысқа мерзімде қысымның төмендеп, жүрек қан шығаруы ақырындап, қан миға жеткілікті оттегіні жеткізе алмаса, донор денесі бейімделіп үлгермейді. Естен тану ең қымбат сұйықтықтың тым көп мөлшері кеткендіктен емес, қанның қан арнасынан тым тез ағып, ағзаның қорғаныс механизмін қосуға үлгермегендіктен болады.

Естен тану себептері:
• аш қарынға қан тапсыру немесе шөлдеу;
• донация алдында ұйқының қанбауы;
• эмоционалды шиеленіс (алдағы процедурадан қорқу, қан немесе басқа донордың естен тануын көріп қалу);
• қатты шаршау;
• венепункция кезінде қысқа мерзімді ауырсыну.

Донордың дені сау, сабырлы, тыныққан және тоқ болуы керек!

Естен танудың алдын алу үшін:
• егер сіздің салмағыңыз 50 кг-нан аз болса, донор болуға асықпаңыз;
• донациядан бір күн бұрын әдеттегіден көп сұйық ішіңіз (су, шырындар); кофеинді сусындарды ішпеңіз, өйткені олар ағзадағы сұйықтықтың жоғалуына себеп болады;
• майы аз және темірге бай тағамдарды (қызыл ет, бауыр, жапырақты көкөністер)тұтыныңыз;
• қан тапсыру үшін ең қолайлы уақыт – таңғы астан кейін 2-3 сағаттан соң;
• донацияға дейін де, кейін де ащыны тұтыныңыз;
• процедураға дейін және одан кейін шай ішу міндетті екенін ұмытпаңыз, бұл қан тапсырудың ыңғайлы өтуі үшін қажет;
донация кезінде:
• қанның эксфузиясы кезінде ине мен қан контейнеріне қарамаңыз, жағымды нәрсе туралы ойлаңыз, медициналық қызметкерлер әрқашан сіздің қасыңызда екенін ұмытпаңыз;
• ине тамырға кірмес бұрын терең тыныс алыңыз, содан кейін деміңізді ұстамаңыз, бірқалыпты және ақырын тыныс алыңыз;
• өзіңізді бос ұстаңыз, қан орталығының қызметкерімен немесе басқа донорлармен сөйлесіңіз, сұрақтар қойыңыз, теледидар көріңіз, оқыған кітабыңыз туралы ойланыңыз, яғни өзіңіздің көңіліңізді басқаға аудару жолын табыңыз;
• креслода жатқан кезде оқуға берілетін жадынамада аяқты көтеру техникасын орындау қан қысымының төмендеуіне жол бермейді;
донациядан кейін:
• донациядан кейін бірден тұрмаңыз, креслода кем дегенде 2 минут жатыңыз, содан кейін медицина қызметкерінің бақылауымен донация залының демалыс аймағында отыра тұрыңыз;
• қан орталығынан шығып, белсенді күнді жалғастырмас бұрын қан жоғалтқан денеңізге «үйрену» үшін донациядан кейін біраз тынығып алыңыз;
• донация алдында да, одан кейін де физикалық белсенділіктен бас тартыңыз (күш жаттығулары, ауыр көтеру, жүгіру, велосипедпен жүру);
• донация күні және келесі күні саунаға бармаңыз, ванна қабылдамаңыз.

Егер естен тану шарасыз болса ше?
• қан орталығының қызметкеріне әлсіздік, бас айналу, жүрек айну, есінеу, қалтырау, тершеңдік, құлақтың шуылы, көру қабілетінің нашарлауы, асқазан/ ішектің бұзылуы сезілсе, жағдайыңыз туралы дереу айтыңыз;
• тереңірек тыныс алыңыз-мұрныңызбен, аузыңызбен тыныс алыңыз;
• су сұраңыз;
• бұлшық еттеріңізді ширатыңыз – бұл қан қысымының төмендеуін болдырмауға көмектеседі;
• аяғыңызды көтеріңіз – осылайша қан айналым жүре бастайды;
• қорықпауға тырысыңыз.

Қан тапсыру-бұл адам ағзасына қауіпсіз және тіпті пайдалы процедура. «Бұл өзге адамға жақсылық жасай отырып, күндізгі уақытта, бір сағат жатып демалудың тамаша мүмкіндігі!» (Анонимді аферез доноры).

Донацияға дұрыс дайындалу және жақсы көңіл-күй арқылы сіз басқа адамның өмірін сақтап қана қоймай, өзіңізге де көмектесесіз!
Сондай-ақ достарыңызға, отбасыңызға қорқынышты жеңіп және қалай қан тапсырғаныңызды айтыңыз! Оларды да солай жігерлендіріңіз!

Хаттама №6Біз неғұрлым көп берсек, соғұрлым бақытты боламыз!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33