Бүгін біз сіздерге донорымыз Самарқанов Ерболат Ержанұлы туралы айтып береміз!

Бүгін біз сіздерге донорымыз Самарқанов Ерболат Ержанұлы туралы айтып береміз!

“Алғаш рет донор ретінде қанды 2015 жылы, біздің ұйымға қан орталығының көшпелі бригадасы келген кезде тапсырдым. Ол кезде орталық қызметкерлері донордың өз ағзасы үшін донорлық қан тапсырудың пайдалылығы және қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға донорлық қан қалай көмектесетіні туралы айтып берді. Содан бері мүмкіндігінше мен қан орталығына барып, қан тапсырамын. Қан-өмірдің жалғасы!

Ол адам денесінің жасушаларына тіршілік етеді, оларды барлық қажетті заттармен қамтамасыз етеді: оттегі, дәрумендер, гормондар, ферменттер, минералды тұздар және басқа да заттармен. Сондықтан біз қан тапсыра отырып, донорлар науқастарға екінші өмір сыйлаймыз! Мен бұған өте қуаныштымын. Қазір мен 156/1 ӘБ мекемесінде жұмыс істеймін және тұрақты негізде қан тапсырамын!”- деп атап өтті Ерболат Ержанұлы.

Құрметті донорлар, мейірімді жүректеріңіз бен жомарттықтарыңыз үшін үлкен рахмет! Біз сіздермен бірге “Қан донорлығы” атты игі іс жасап жатқанда, қан компоненттерін құюды қажет ететін бір науқас қансыз қалмайды және оларға уақытында көмек көрсетіледі деп сенеміз! Біздің барлық өтеусіз қан донорларына мың алғыс!

«ӨМІР сыйлайтын донор» балалар байқауы«6699 ӘБ-дегі Донор күні»

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33