«Ал, кәнекей қыздар!» атты ұранмен өткен дәстүрлі донорлық акция

«Ал, кәнекей қыздар!» атты ұранмен өткен дәстүрлі донорлық акция

Серіктестеріміз “Ukabeauty” корей және сәндік косметика дүкені @ukabeauty және “Romantic uka” гүлдер салонымен бірге @romantic.uka, 2023 жылғы 07 наурыз күні, 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қан орталығында «Ал, кәнекей қыздар!» атты ұранмен дәстүрлі донорлық акция өтті. Акцияның негізгі мақсаты-донорлыққа назар аудару және қан мен оның компоненттерін үнемі тапсыратын әйел донорларды тарту.

Бұл күні облыстық қан орталығының қызметкерлері барлық донорларды мерекелік көңіл-күймен қарсы алды. Бірінші қабатта қонақтарымыз үшін ерекше, мерекелік атмосфера жасайтын нәзік музыка ойналды. Сондай-ақ, мерекелік баннерді пайдаланған әрбір қонақ естелік, мерекелік, ерекше және есте қаларлық фотосуреттерге түсе алды. Және, әрине, ең бастысы, бұл күні біздің барлық өтеусіз донорларымыз – әйелдер, донациядан кейінгі мерекеге орай серіктестерімізден гүл шоқтары мен корей және сәндік косметика түрінде сыйлықтар алды.

Құрметті біздің донорлар! Жылдың ең нәзік, жарқын және әдемі күні – 8 наурыз! Жер – дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл – күй тілейміз.

Бұл күні мереке және демалыс күндері қан компоненттерінің қорын толықтыру үшін донордың қаны тапсырылды.

Акцияның барлық қатысушыларына үлкен рахмет!

Қызықты әлем – «Қан орталығы»Кулиманова Сандуғаш Мұратқызы

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33