Туған күнімен құттықтаймыз!

Туған күнімен құттықтаймыз!

Біздің тұрақты донорымыз-Жанұзақов Берік Жұмағазынұлын туған күнімен құттықтаймыз!
Берік Жұмағазынұлы 2015 жылдан бері донорлық қан тапсырып келеді.
Тұрақты өтеусіз донор бола отырып қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмектесіп келеді, кез келген сағатта қанға мұқтаж адамға көмек көрсету туралы облыстық қан орталығының қызметкерлерінің шақыртуларына ешқашан бас тартқан емес. Оның қанының арқасында көптеген адамдардың денсаулығы қалпына келтіріліп, өмірі құтқарылды.
Оның бойынан мейірімділік, жауапкершілік, жомарттық сияқты қасиеттерді көруге болады. Донорлық қозғалыстың белсенді насихаттаушысы болып табылады, өзелерге үлгі бола жүріп, әріптестерін, туыстарын донорлыққа тартуда.
Осы жылдар ішінде Берік Жұмағазынұлы 14 рет қан тапсырды.
Құрметті Берік Жұмағазынұлы! Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, зор бақыт, қажымас қайрат тілейміз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз.

С днем рождения!Туған күнімен құттықтаймыз!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33