Құрметті шығысқазақстандықтар!

Құрметті шығысқазақстандықтар!

2023 жылғы 05 және 06 қаңтарда Амурская көшесі, 1 мекен-жайында орналасқан Абай атындағы «Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КММ – да Донорлық күндер өтеді. Донорларды қабылдау сағат 9.00-ден 13.30-ға дейін бірінші қабаттың акт залында өтеді!

Донацияға өзгенің өміріне бей-жай қарамайтын студенттерді, оқытушыларды, колледж қызметкерлерін және қаламыздың тұрғындарын шақырамыз!

Қан тапсырғаннан кейін донорларға 2 күнге демалысқа анықтама және 1000 теңге беріледі.
Біз өтеусіз донорлар қатарына қосылғысы келетін барлық ниет білдірушілерді қарсы алуға қуаныштымыз!

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек!

Достар, сізде ЖМК – на бармай-ақ, қала орталығында қан тапсыруға және науқастардың өміріне мүмкіндік беруге жақсы мүмкіндік бар! Осы мүмкіндікті жіберіп алмаңыз және ең маңызды сыйлық – науқасқа өмір сыйлаңыз!

Хаттама №4(RU) Уважаемые жители города Усть – Каменогорск и области!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33