Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!

Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!

Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «Ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Араб тілінен аударғанда мерекенің атауы «Құрбандық шалу мерекесі» дегенді білдіреді. Бұл мерекеде барлық мұсылмандар мұқтаж адамдарға көмектесуге тырысады, игі істер жасайды, науқастарға көмектесу үшін қан тапсырады.

2022 жылдың 08 – ыншы шілдесінде Сәтпаев даңғылы, 90 мекен – жайында орналасқан, ШҚО «Халифа Алтай» мешітінде, мұсылмандар үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында «Көмек қолын созайық!» атты донорлық Акция өтеді.

Акцияның мақсаты-Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдарында емделіп жатқан, қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға қан тапсыру.

Акцияға біздің қаламыздың және ШҚО-ның барлық тұрғындары қатыса алады. Өйткені, донорлық -бұл мейірімділік пен адамгершіліктің актісі.

Донорларды қабылдау сағат 9.00-ден 13.30 – ға дейін жүзеге асырылады.

Қан тапсырғаннан кейін донорларға 2 демалыс күніне анықтама, 1000 тг және біздің демеушілерімізден сыйлықтар беріледі!

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек!

Достар, жақын адамдарыңызды, достарыңызды, таныстарыңыз бен әріптестеріңізді қан тапсыруға шақыруды ұмытпаңыз!

ДОНОРЛЫҚ ҚАН ҮЛГІЛЕРІН БРУЦЕЛЕЗГЕ ТЕКСЕРУҚасиетті Құрбан айт мерекесінің қарсаңында «Көмек қолын соз!» атты ұранымен қайырымдылық акциясы өткізілді

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33