Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!

Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!

Жұма-мұсылмандар үшін аптаның қасиетті күні.
Мүмкіндігінше адам баласы қасиетті жұма күні қайырымды істер жасауға асығуы та-анаңызға барыңыз, көмекке мұқтаж науқастарға қол ұшын созып көмек беріңіз, жақындарыңыздың қабірлеріне барып әруақтарға бағыштап құран оқыңыз, өзіңізге және қонақтарға арнап дәмді тағам дайындаңыз, ең бастысы сауапты істер жасаңыз.
Осындай қасиетті күні 2021 жылдың 18 – інші маусымында Сәтпаев даңғылы, 90 мекен – жайында орналасқан, ШҚО «Халифа Алтай» мешітінде, «Донор күні»қайырымдылық акциясы өтеді.
Акцияның мақсаты-Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау ұйымдарында емделіп жатқан, қан компоненттерін құюды қажет ететін науқастарға көмек көрсету.
Донорларды қабылдау сағат 9.00-ден 13.30 – ға дейін жүзеге асырылады.
Қан тапсырғаннан кейін донорларға 2 демалыс күніне анықтама, 1000 тг және сыйлықтар беріледі!

Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек!

Достар, жақын адамдарыңызды, достарыңызды, таныстарыңыз бен әріптестеріңізді қан тапсыруға шақыруды ұмытпаңыз!

Бүгін ҚР ҰҚК ШҚО бойынша Департаментінің 35 қызметкері, науқастарға көмектесу үшін қан тапсырды!Мейірімділік әлемді нұрға бөлейді!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33