Қан орталығы – ғажап әлем!

Қан орталығы – ғажап әлем!

«Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі-ШҚОҚО) ерікті өтеусіз донорлықты дамыту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Бұл жұмыста өскелең ұрпақтың қан донациясының барлық ерекшеліктерін біле отырып, олардың ертең донорлар қатарын толықтыруы үшін ерекше орын беріледі.

Бүгін балаларды қорғау күні, 2022 жылдың 01 маусымында «№48 қосымша білім беру мектеп-орталығы» КММ жанындағы жазғы лагерьдің оқушылары үшін облыстық қан орталығы бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Балаларға қан қызметі, оның бейбіт өмірдегі ғана емес, соғыс уақытындағы маңыздылығы туралы қысқаша айтылды. Балалар қан орталығының жұмысымен танысты. Орталықтың әрбір маманы өз жұмысы туралы, оның маңыздылығы жайында сөз қозғап, өз жұмысын қалай атқаратынын мысал арқылы көрсетті.

Балаларды болашақта донор болуға шақырды. Олар донор мен оның қанының қаншалықты маңызды екенін, қан мен оның компоненттерінің арқасында қанша адамның өмірін сақтап қалуға болатындығын, қанның өмірлік маңызы бар екенін түсіндірді.

Қанды тестілеу бөлімшесінің зертханасында оқушыларға қан тобын және резус – факторды қалай анықтау керектігін, сондай-ақ жалпы қан талдауын қалай жүргізу керектігін көрсетті. Балалар жұмыс үдерісін қызығушылықпен бақылап, реактивтер мен жабдықтар туралы сұрақтар қойды.

Донация залында болашақ донорлар қан алу үдерісінің қалай жүріп жатқанын мұқият қадағалады. Донорлық туралы және донордың қанша қан тапсыратыны туралы сұрақтар қойылды. Мамандардың жауаптары қарапайым және қызықты болды.

Балаларға қанның компоненттерге және плазманың қалай бөлінетіні көрсетілді. Қан арқылы берілетін инфекциялардың заманауи диагностикасы туралы қысқаша айтып, донорлық қанды сақтау банкін және тағы басқаларын көрсетті.

Барлығына ШҚОҚО бойынша өткізілген экскурсия өте ұнады, көбісі болашақта донор болуға ниет білдірді. Балалар өз жұмыстары туралы айтып, тәжірибелерімен бөліскен барлық мамандарға алғыстарын білдірді.
Болашақ донорлар экскурсиядан кейін донорлықтың пайдалы, қажет және маңызды екеніне сенімді болды.
Экскурсия соңында балаларға мереке құрметіне орай ШҚ ОҚО атынан тәтті сыйлықтар табыс етілді.

📢Қымбатты достар, біз Сіздердің назарларыңызға ай сайынғы «Донорлық күнтізбе» 📆айдарын ұсынамыз!Референдум – тікелей демократияның маңызды институты.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33