«Өскемен Водоканал» МКК қызметкерлерінің таңы нысандарда басталған жоқ!

«Өскемен Водоканал» МКК қызметкерлерінің таңы нысандарда басталған жоқ!

2022 жылғы 18 қазанда «Өскемен Водоканал» МКК қызметкерлері мен жұмыскерлері жұмыс күнін донорлық қанды ерікті түрде тапсырудан бастады,сол арқылы қан орталығының бастамасымен Республика күні мерекесіне орай «Қандас бауырлар» атты ұранмен өткізілген акцияға қатысты.

Айта кету керек, «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК – ның жұмысы қан мен оның компоненттерінің стратегиялық маңызды қорын қолдауға бағытталған. Жоспарлы және шұғыл көмек көрсету үшін, оның ішінде кез келген төтенше жағдай кезінде облыс бойынша медициналық ұйымдарға беру үшін барлық топтардың донорлық қан қорының болуы маңызды.

«Өскемен Водоканал» МКК директоры Ержан Майданұлы Аубакировке өтеусіз қан донорлығын қолдағаны үшін, ШҚО-да қан донорлығын дамыту бойынша ұзақ және жемісті бірлескен жұмысы үшін зор алғысымызды білдіреміз.

Нәтижесінде, көшпелі бригада жұмыс істеген кезде 30- дан астам адам қан тапсырды, оның ішінде 10 адам алғаш рет донорлық қозғалысқа қосылды.

Мереке құрметіне орай барлық өтеусіз донорлар біздің серіктесіміз «Eira Med» ЖШС – нен сыйлықтарға ие болды. Біздің барлық донорларымызға үлкен рахмет!

«Марапаттар өз иелерін тапты»Толыққанды ұйқы – сәтті (аяқталған) донацияның кепілі

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33