Туған күніңізбен!

Туған күніңізбен!

Бүгін өз туған күнінде қан орталығына біздің донорымыз – Сәкенов Біржан Нұрланұлы келді.
Алғаш рет 2018 жылы қан орталығының көшпелі бригадасы «Халифа Алтай» мешітінде донорлық акция ұйымдастырып, мен сонда қан тапсырдым. Сол күні қан тапсыруға ниет білдірген адамдар өте көп болды, бірақ соған қарамастан мен өз кезегімді күтіп, қан тапсырдым. Қан тапсырғаннан кейінгі сезімді жай сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қанға мұқтаж науқастар үшін қан тапсырып, адам өмірін құтқарғаннан артық маңызды ештеңе жоқ. Осыдан кейін мен үнемі қан тапсыра бастадым. Мен барлық достарымды және туыстарымды қан тапсыруға шақырамын!»- деп атап өтті Біржан Нұрланұлы.
Құрметті Біржан Нұрланұлы, сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге мықты денсаулық, сарқылмас бақыт және барлық мақсаттарыңызға жетуіңізді тілейміз! Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз.  Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Әрқашан белсенді қан доноры болып қалуыңызға тілектеспіз!

Истории наших доноров«Донор –өмір сыйлаушы» балалар байқауы

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33