Get Adobe Flash player
kart.jpg

Қонақтар

1357744
Бүгін
Кеше
Бұл апта
Өткен апта
Бұл айы
Өткен айы
Барлық күндер
488
1133
7479
1342461
17660
31975
1357744

Server Time: 2019-11-14 08:38:20

Кім сайтта

Қазір 26 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Құрметті ДОНОРЛАР!

 Біздің орталықта, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес, ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ДОНОРДЫ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ құрылды.

ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ДОНОРДЫ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ медициналық қызмет көрсету сапасын басқару бойынша ұйымның қызметін келесі бағыттар бойынша үйлестіруші құрылым болып табылады:

- донорлардың мәселелерін (шағымдарын), олардың пайда болуына қарай және оңтайлы мерзімде, донорлардың қанағаттану дәрежесін зерделей отырып, сол жерде шешу;

- ұйым қызметінің сапалық көрсеткіштерін талдау және әзірлеу;

- ұйымның кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарын тиімді пайдалану және жай-күйін бағалау;

- денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қызмет көрсету технологиясының белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау;

-  жұмыстағы алдын алу мен ақауларды жоюға бағытталған және медициналық қызметтің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін бағдарламалық шараларды әзірлеу. 

Қызмет құрамына кіреді:

төраға –сапаны бақылау бойынша директордың орынбасары Татьяна Николаевна Войнова,

сарапшылар: сапаны бақылау бөлімінің меңгерушісі Ольга Борисовна Зубова,

сапаны бақылау бойынша менеджері Кристина Сергеевна Кривец.

ШҚ ОҚО-ның сапа саласындағы саясаты - басшылық және қызметкерлер құрамы өзінің ұйымының қауіпсіздігі үшін белгіленген талаптарды сақтай отырып, дайындалған қан компоненттерін, жеткілікті қорын жеткізуші ретінде, сондай-ақ оларды дұрыс және тиімді пайдалану рөлі мен міндеттерін толық түсінеді. Қан орталығы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Қазақстан Республикасының үкіметі мақұлдаған сапаға қатысты барлық ережелерді кұптайды.

Біздің сапа саласындағы саясаттың негізгі қағидалары:

  1. Біз донорларды бағалаймыз, олардың қауіпсіздігіне және жеке деректеріне қол сұғылмауына кепілдік береміз.
  2. Біз Қазақстанның қан қызметіне донорлар мен барлық халықтың сенімін және қоғамдағы қан қызметінің беделін арттырамыз.
  3. Біз біздің қызметтің тиісті өндірістік және зертханалық тәжірибе қағидаларын сақтаймыз.
  4. Біз үнемі донорлықты дамытумен айналысамыз.
  5. Біз донорлық қан мен қан өнімдерінің қауіпсіздігін бағалаймыз және оны барынша қамтамасыз ету үшін бізге байланысты қолда бар мүмкіндіктер шегінде барлығын жасаймыз.
  6. Біз емдеу мекемелеріне тек белгіленген арнайы талаптарға жауап беретін өнімдерді ғана береміз.
  7. Біз емдеу мекемелеріне жоғары дәрежедегі қызметтерді ұсынамыз.
  8. Біз біліктілігі белгіленген талаптарға сәйкес келетін қызметкерлерді ғана жалдаймыз, және олардың біліктілігін трансфузиялық медицинаның осы заманғы даму деңгейіне сәйкес үнемі арттырамыз.
  9. Біз тек білікті (немесе сенімді және мақұлданған) қызметтерді жеткізушілердің қызметтерін пайдаланамыз және олармен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты бағалаймыз.
  10. Біз тек осы заманғы талаптарға сай жабдықтар мен құрал-саймандарды, сондай-ақ нақты деректерге негізделген өндіру үрдістері және зерттеу әдістерін, осылайша, өнімдердің сапасын, қауіпсіздігін және тиімділігін қамтамасыз ете отырып, пайдаланамыз.
  11. Біз үнемі өнімдерді дамытумен және қан компоненттерін дайындауда қазіргі заманғы әдістерін енгізумен, емдеу мекемелерін сапалы және жақсы таңдалған қан компоненттерімен жабдықталуын қамтамасыз ету үшін айналысамыз.
  12. Біз күнделікті жұмыста және өнімдерді әзірлеу кезінде емдеу мекемелерінің ұсыныстарын ескереміз және әрбір емдеу мекемесінен түскен шағымдарға шындап қараймыз, болашақта оларды болдырмау үшін өзімізге байланысты барлығын жасаймыз.  
  13. Біз өз қызметімізде стандарттардың талаптарын орындаймыз және өндірістік үрдістер мен зерттеулердің сапасына кепілдік береміз.
  14. Қан орталығы сапа саласындағы саясатты жүзеге асыру үшін, сапаны басқару жүйесін әзірледі, онда жетекші мамандардың, сондай-ақ барлық қызметкерлердің қызметінің барлық салаларында жауапкершілік шектері айқындалған. Сапаны басқару жүйесі сапа бойынша басшылықта қарастырылатын барлық элементтерінің белгіленген және мақсатты жұмыс істеуіне негізделеді.
  15.  Сапаны басқару жүйесі қан орталығы басшылығының тұрақты бақылауында болады.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы амбулаториялық ұйымдар қызметінің ерекшеліктеріне байланысты, азаматтардың ақпараттандыру деңгейін арттыру мен мәселелерді баяндау  мақсатында  Call-орталығы ұйымдастырылды.

Call-орталығының қызметі ШҚО–ның тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, телефон бойынша кеңес беру арқылы, төмендегі мәселелер бойынша бағытталған:     

  1. ШҚО денсаулық сақтау басқармасының арнайы құрған call-centervko.kz. сайты арқылы,  телефон арқылы да, АМСК учаскелік дәрігерлерге алдын-ала жазылу (дәрігердің қабылдауына жазылу үшін  ЖСН қажет);
  2. Тұрғындарға көмек көрсету ережесі және ТМККК - қызметтердің тізбесі  (тегін медициналық көмектің кепілді көлемі);
  3. Медициналық қызмет көрсетілуіне шағымдарға, медициналық ұйымдардың қызметі бойынша  жүгінуге  түсіндіру жұмыстары.
  4. ШҚО денсаулық сақтау басқармасы Call-орталығының телефон номері: 704222, 700405, және  каб. № 232 қан орталығы