Get Adobe Flash player
kart.jpg

Қонақтар

1357838
Бүгін
Кеше
Бұл апта
Өткен апта
Бұл айы
Өткен айы
Барлық күндер
582
1133
7573
1342461
17754
31975
1357838

Server Time: 2019-11-14 09:55:02

Кім сайтта

Қазір бір қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

Әкімшілік

Орталықтың директоры - Жигитаев Хайрулла Туканович

     1953 жылы 6 наурызда дүниеге келген. Қазақ. 1976 жылы Семей Мемлекеттік медицина институтының  «Емдеу ісі» факультетін бітірген.

          1977 жылдың тамыз айынан 1983 жылдың наурыз айына дейін Белоусовка ауылындағы МСБ-де инфекционист-дәрігер қызметін атқарады. 1983 жылдың 21 наурызынан  Зырян ауданындағы Парыгино ауылының ОАА – ның  бас дәрігері болып қызмет атқарды. 1986 жылдың мамыр айынан 1987 жылдың ақпан айына дейін Зырян қ. қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді.   1987 жылдың ақпан айынан 1992 жылдың 22 наурызына дейін Серебрянск орталық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарды. 1992 жылдың 22 – інші наурызынан қызметтік ауысу тәртібінде Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау бөлімінің  меңгерушісі болып тағайындалды. Осы қызметте 1998 жылдың 10 қарашасына дейін жұмыс істейді. 1998 жылы 10 қарашада қызметтік ауысу тәртібіне байланысты ШҚ облыстық қан орталығының директоры болып тағайындалды. Жигитаев Хайрулла Туканович «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру дәрігері»  мамандығы жөнінде жоғары біліктілік санаты және «Дәрігер-трансфузиолог» мамандығы бойынша сертификаты бар. Денсаулық саласындағы жалпы еңбек өтілі – 40 жыл, қан қызметіндегі еңбек өтілі – 19 жыл. Ол АҚШ-да денсаулық сақтау ұйымы бойынша  біліктілігін арттырды, Англия мен АҚШ – да  менеджмент, сақтандыру медицинасы бойынша семинарларға қатысты, Польшада білімін жетілдіру курсына, Германияда, Данияда, Голландияда  трансфузиология бойынша халықаралық конгрестерге қатысқан. «Заңгер» мамандығы бойынша екінші жоғары білімі бар.

          1995 жылы Жигитаев Х.Т. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің дәрігері» белгісімен марапатталған. 2011 жылы 10 қарашада  Президент Жарлығымен   «Казақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған.

          2013 жылы облыстың денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіруде қосқан үлесі мен елеулі еңбегі үшін  ШҚО  әкімі Б.М.Сапарбаевтың мақтау қағазымен марапатталған.  Осы жылы «Университеттің бүкіл 60-жылдық тарихындағы ең табысты шығарылым (1976ж) кәсіби жетістіктері мен қосқан үлесін анықтауда Семей қаласы мемлекеттік университеті ректорының алғыс хатымен марапатталған. Қазақстанның отбасылық медицинасының 20-жылдығына орай «Қазақстанның отбасылық медицинасының дамуына ерекше сіңірген ерең еңбегі үшін» сертификатымен марапатталды.  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай  «Медицинаға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша мақтау қағазымен марапатталды.

          2017 жылы Ресей трансфузиологтары қауымдастығының атынан бас трансфузиолог тұлғасында «Н.И.Пирогов атындағы ұлттық медициналық-хирургия орталығы» ФМБМ – сі  РЖҒА-ның академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, дәрігерлер білімін жетілдіру институтының трансфузиология және қан құю мәселелері кафедрасының меңгерушісі Е.Б.Жибурт 2017 жылдың қорытындысы бойынша Жигитаев Хайрулла Тукановичті құрмет грамотасымен марапаттады және оған «2017 жылдың қан қызметінің үздік жетекшісі» атағын берді.

          Жигитаев Хайрулла Туканович істің барлық тараптарын және оған ықпал ететін факторларды  қамти отырып жүйелі ойлау қабілетіне ие және бірегей шешімдер қабылдайды, әрқашан алға қойылған мақсатқа қол жеткізе отырып,  дәйекті және жоғары ынтамен жұмыс істейді, кең саяси ой-өріске ие,  денсаулық сақтау саласының  сауатты ұйымдастырушысы болып табылады, қан қызметі мәселелері бойынша жоғары білікті маман,  медициналық қоғам мен халық арасында беделді және құрметті. 

 

Медициналық бөлім жөніндегі директордың орынбасары (бірінші орынбасар) –

Шмурыгина Светлана Александровна, 

1968 жылы  9 ақпанда дүниеге келген,  ұлты-орыс, білімі-жоғары, жалпы еңбек өтілі-26 жыл

Білімі:

Орта   1975-1985жж. Өскемен қ. №28  орта мектеп

Жоғары  1985-1991жж. Семей мемлекеттік медициналық институты

Дипломнан кейінгі   (соңғы  5жыл):

1.2014ж., Сиэтл, АҚШ, «Қан қызметінде сапаны басқару» тренингіне қатысқан;

2.2014ж., ҚР, Алматы қ., «Қазақстан Республикасы қан қызметінің даму болашағы және өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан;

3. 2015ж., Өскемен қ. ШҚО, ҚР, «Денсаулық сақтау инфрақұрылымы саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша  қызметті жетілдіру» тақырыбы бойынша семинар бағдарламасын табысты аяқтады;

4. «Өндірістік және клиникалық трансфузиологияның өзекті мәселелері., оның ішінде балалар жасындағы»  216с; Астана қаласы, ТҒӨО – ның  25.08.17 жылғы №88 Куәлігі;

5. «Денсаулық сақтауды басқарудың заманауи мәселелері» 216с; Семей қ. ММУ – нің  Павлодар ф – лы, 30.04.16 жылғы   № 21020 Куәлігі

6. 2016ж., Дубай қ. Біріккен Араб Эмираты, ISBT (Халықаралық трансфузиологтар қоғамы) 34 халықаралық конгресіне қатысқан;

7. 2016ж, Семей қ, ШҚО, ҚР, «ҚР міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негіздері» семинарына қатысты;

8. 2017ж, Астана қ, ҚР, «ҚР қан қызметінің өзекті мәселелері» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.

Жұмыс  тәжірибесі

педиаторы

1996-1998жж.  Өскемен қалалық медициналық  колледжінің  жүйке ауруларының оқытушысы

1998-1999жж.  Өскемен қалалық №2 балалар ауруханасының учаскелік дәрігер – педиаторы

1999-2000жж.  №2 ҚА қайта құрылуына байланысты Өскемен қ, «Авиценна»  Отбасылық амбулаториясы  мекемесіне «жалпы іс – тәжірибелік  дәрігері» қызметіне   ауыстырылды

  2000 жылдың  шілдесінен  «Шығыс Қазақстан облысының қан орталығы» КМҚК препараттарды өндіру бөлімінің зертханашы – дәрігері, 2002 жылдан – препараттарды өндіру бөлімінің меңгерушісі, 2004 жылдың қыркүйек айынан  –медициналық бөлімі жөніндегі директордың орынбасары

Маман сертификатының болуы

  1.  «Қоғамдық денсаулық сақтау/ Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты  берілетін маман сертификаты.
  2.  «Трансфузиология (клиникалық, өндірістік)» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санат берілетін маман сертификаты.

2016жылы  «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталды.

      2017 жылы С. А. Шмурыгина Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау Басқармасының бас трансфузиологы болып тағайындалды.  

    Ресей трансфузиологтары қауымдастығының атынан бас трансфузиолог тұлғасында «Н.И.Пирогов атындағы ұлттық медициналық-хирургия орталығы» ФМБМ – сі  РЖҒА-ның академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, дәрігерлер білімін жетілдіру институтының трансфузиология және қан құю мәселелері кафедрасының меңгерушісі Е.Б.Жибурт 2017 жылдың қорытындысы бойынша Шмурыгина  Светлана Александровнаға Қазақстан Республикасының қан қызметін  дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс грамотасын тапсырды.

 

Сапаны бақылау бойынша директордың орынбасары –

Войнова Татьяна Николаевна

1976 жылы 20 қазанда ШҚО, Өскемен қаласында дүниеге келген, ұлты-орыс, білімі-жоғары, денсаулық сақтау жүйесіндегі  жалпы еңбек өтілі-17 жыл

Білімі: 

1991 жылы Өскемен қаласының  №16 орта  мектебінің  9 сыныбын бітірді.

1991 жылдан  1994 жылға дейін медбике біліктілігімен Өскемен медициналық училищесін «Мейірбике ісі» мамандығы  бойынша үздік белгімен тәмәмдады.

1994 жылдан бастап 2000 жылға дейін Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде «Гигиена және эпидемиология»  мамандығы бойынша оқыған,  «Дәрігер-гигиенист, жалпы тәжірибелік эпидемиолог» біліктілігін иеленген.

2006 жылдан 2009 жылға дейін Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде  «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша, «Ақпараттық жүйелер бакалавры»  біліктілігін иеленген.

Еңбек қызметі:

2001ж.-2002ж. –Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының қамтамасыз ету бөлімінің дәрігер–зертханашысы

2002ж.-2003ж. - Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі

 2003ж.-2011ж.- Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының сапаны бақылау  бөлімінің дәрігер–зертханашысы

2011жылдан – Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының сапаны бақылау бойынша директордың орынбасары.

Төмендегідей сертификаттары бар:

  1. «Қоғамдық денсаулық сақтау/Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау ұйымы» мамандығы бойынша бірінші біліктілік  санаты берілетін маман сертификаты. «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты берілетін маман  сертификаты.
  2. ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінде «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша қайта даярлау 

  Сапа  менеджмент жүйесін  оқыту,  медициналық ұйымдарды аккредиттеу, қан қызметінде валидтеу мәселелері туралы сертификаттары бар. 2009 жылы Вроцлав қаласында «Донорлықтың үрдістері және Польшадағы гемотерапия»  тақырыбы бойынша,  2015 жылы АҚШ «Oklahoma Blood Institute» базасында «Қанды тұтынушылармен өзара әрекеттесуді ұйымдастыру»  тақырыбы бойынша біліктілігін арттырды.

   Войнова Т.Н. кәсіпорында ISO 9001-2008 бойынша үлгісін енгізді және сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуін және оны жетілдіруді қамтамасыз етеді. Үнемі сапа саласында ұйымның саясатты қалыптастыру бойынша жұмысын жүзеге асырады,  дамыту стратегиясына сәйкес оның негізгі бағыттарын анықтау және оны жүзеге асыру шараларын ұйымдастырады. Оның  белсенді жәрдемдесуімен 2009 жылы сапалы медициналық қызмет көрсету басқару қызметі құрылды. Қазіргі уақытта ішкі бақылау және донорды  қолдау қызметін басқарады. 

 

Әкімшілік -шаруашылық бөлімі жөніндегі директордың орынбасары

Костубаев Елтай Турганович.

1963 жылы 13 қазанда  ШҚО, Үлкен Нарын ауданы,  Огнев ауылында  дүниеге келген, ұлты-қазақ, білімі-жоғары, жалпы жұмыс өтілі-13 жыл

Білімі:

Орта 1981 жылы Ново-Покров орта мектебін аяқтады

Жоғары  2001 жылдан бастап 2004 жылға дейін Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқыған,«менеджер» біліктілігі берілген.

1981 жылдан 1983 жылға дейін Кеңес Армиясы әскери қатарында болған.

Еңбек қызметі:

2001жылдан 2004 жылға дейін әлеуметтік және еңбек бойынша оңалту орталығының «Мамандандырылған ЕПТ» бөлімінің меңгерушісі.

2004ж.-2013ж. «Мамандандырылған ЕПТ» бас дәрігерінің  ӘШБ орынбасары.

2013 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығының әкімшілік – шаруашылық жөніндегі  директордың орынбасары.