Get Adobe Flash player
kart.jpg

Қонақтар

1287938
Бүгін
Кеше
Бұл апта
Өткен апта
Бұл айы
Өткен айы
Барлық күндер
714
1408
10942
1267105
20833
34746
1287938

Server Time: 2019-09-15 10:19:56

Кім сайтта

Қазір 39 қонақ және бір тіркелген қолданушы сайтта отыр

Кәсіпорынның  тарихы

Қазақ ССР  денсаулық сақтау Халық комиссарының 03.08.1934 жылғы бұйрығымен  Алматы қаласында Орталық институттың  қан құю филиалы құрылды,  алғаш рет Қазақстанда қан құюды  А. Н. Сызғанов жүзеге асырды.

Қазақ ССР  денсаулық сақтау Министрлігінің 12.04.1953 жылғы № 211 шешіміне сәйкес  Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Облыстық қан құю станциясы ашылған.

Әрі қарай Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 қазандағы  №1211 «Қазақстан Республикасында қан қызметі мекемелерінің атауын өзгерту туралы» бұйрығының негізінде  облыстық қан құю станциясы  Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы болып аталды.  1998 жылы  25 желтоқсанда   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.12.1998 жылғы  № 1335 қаулысына  сәйкес  осының негізінде 1999 жылдың ақпан айында  Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы  (бұдан әрі – ШҚОҚО) Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық кәсіпорны болып қайта аталды және заңды тұлғаны Мемлекеттік тіркеу туралы 08.02.1999 жылғы № 7904-1917-МК куәлігі берілді.

Әр жылдары қан құю станциясын басқарды: 1953 ж. – Толстяная Ада Владимировна, Кац Фаина Марковна; 1954-1956 ж.ж.– Розин Леонид Борисович; 1956-1957ж.ж. – Коротина Мария Ивановна, Пех Раиса Семеновна; 1957-1958ж.ж. – Попов Сергей Иванович; 1958-1998ж.ж. – Васильева Стела Георгиевна. 1998 жылдың  10 желтоқсанынан  Шығыс Қазақстан  облыстық қан орталығының директоры қызметіне Жигитаев Хайрулла Тоқанұлы  тағайындалды.

Шығыс Қазақстан облыстық қан құю станциясы Қазақстан Республикасында алғашқылардың бірі болып кеңестік ғылым берген  барлық жаңа технологияларды  меңгерді. Құрылған кезден бастап ШҚ облыстық қан құю станциясы ұйымның қызметкерлеріне  келесі қан препараттарын және компоненттерін шығару және игеру енгізілді:

1967 жылдан – протеин, фибриноген, иммуноглобулиндер (антистафилококкового, антирезусного), нативной плазма, стандартты сарысулар. 1972 жылдан – эритроциттік масса, құрғақ плазма, құрғақ антигемофильді  плазма, лейкомассалар, альбумин құрғақ, альбумин 10% ерітіндісі, стандартты эритроциттер, жаңа мұздатылған плазмалар, Филатов – глюнат сарысулары. 1987 жылдан – криопреципитат, иммуноглобулиндер (тұмауға қарсы, қалыпты адам)  құрғақ криопреципитаттар.

1976-1977 жылдары  стерильді материалды  өңдеу бойынша  автоклав  австралиялық антигенді  анықтау жөнінде зертхана  ұйымдастырылды.  1976 жылдың  желтоқсанынан 1987 жылға дейін ретроплацентарлық  қанды жинау жөніндегі бөлімі  жұмыс істеді.

КСРО денсаулық сақтау Министрлігінің  10.06.1981 жылғы №135  бұйрығын орындау аясында «Компонентті  терапияға  көшу туралы»  плазмаларды  кептіру және плазма компоненттерін шығару бөлімі,  лейкомассалар  және тромбомассалар, облыс және қала ЕАҰ қан компоненттерімен тәулік бойы қамтамасыз етуге экспедиция  бөлімі құрылды. 1986 жылы жаңа техника және автоматтандыруды енгізу,  жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын техникалық қызмет  ұйымдастырылды. 1987 жылы еңбекті ғылыми ұйымдастыру  және енгізу  бөлімі ұйымдастырылды. 1994 жылы стандартты сарысуларды өндіру жөніндегі бөлімі, донорлардың  денсаулық жағдайын тексеру  бойынша клиникалық зертхана  және   сапаны  бақылау зертханасы құрылды.

2000 жылдан 2008 жылға дейінгі кезеңде бір рет қолданылатын полимерлік  контейнерлерде  консервіленген қанды  дайындауға  өту жүзеге асырылды, донорларда  гемоглобинді  жедел қорытындылау  енгізілген, қан дайындау кезінде таразыларды пайдалану,  магистралдарды  дәнекерлеу, ИФА әдісімен донорлық қанның скринингі  үшін   қан компоненттерін жоғарысезімтал және жоғарыерекше  тест-жүйелерінде жұқпаға карантиндеу және лейкосүзгілеу енгізілді. 2009 жылы ШҚ ОҚО – да медициналық қызметтердің сапасын басқару қызметі құрылды.

Қан  алу залы жаңғыртылды, донацияны  ыңғайлы өткізу үшін арнайы донорлық кресло орнатылған.  Донорлық  қанның  компоненттері мен препараттарын сақтау үшін тоңазытқыш медициналық жабдықтар, әлемдік  үздік өндірушілердің гемакондары қолданылады.

2015 жылы Өскемен қаласында Көкжал Барақ 11 көшесінде орналасқан  қан орталығының жаңа ғимараты  пайдалануға берілді, ол қазіргі заманғы жабдықпен және халықаралық стандарттар деңгейіндегі технологиялармен жарақтандырылған ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне  жауап беретін, донорлық қанның қауіпсіздігін,  трансфузиялық терапияның сапасын, тиімділігін  және қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.