Get Adobe Flash player
kart.jpg

Қонақтар

1392535
Бүгін
Кеше
Бұл апта
Өткен апта
Бұл айы
Өткен айы
Барлық күндер
1393
1312
3965
1378778
13757
38694
1392535

Server Time: 2019-12-10 15:29:18

Кім сайтта

Қазір 36 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

           БІЗДІҢ БОРЫШЫМЫЗ : Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының денсаулығық донорлық, сапалы қан компоненттері, қызметкерлердің кәсіби шеберлігі және жаңа технологияларды енгізу арқылы жақсарту.

         ПАЙЫМДАУЫ: Ұлттық  және халықаралық стандарттарға сәйкес емделушілерге тұрақты трансфузиялық көмекті  жетілдіру және дамыту,  қызметкерлердің жоғары кәсіби біліктілігі  және инновацияларды енгізу арқылы Қазақстан Республикасында ең үздік өңірлік қан орталықтарының бірі болу.

ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ЭТИКАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ 

1. Қажеттіліктерді қанағаттандыру – сапа стандарттары мен қауіпсіздікке сәйкес медициналық қызмет көрсетуде және гемоөнімдерді өндіруде.

2. Басшылықтың   жауапкершілігі және көшбасшылығы – кәсіпорын   менеджменті жүйесін үздіксіз жетілдіру бағытында.  

3. Білікті, қайырымды және мейірімді қызметкерлер донорларға  психологиялық жайлылықты қамтамасыз етуге қабілетті.

4. Корпоративтік мәдениет – тұрақты   кәсіби өсуге және өз-өзін тәрбиелеуге ықпал етеді.

5. Инновациялық технологияларды енгізу – біздің  орталықтың жоғары нәтижелілігі мен қызмет үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ететін зертханалық зерттеулерді жүргізу, қан  мен оның компоненттерін дайындау саласында.

6. Тұтастық - донорлармен  қарым – қатынаста  жоғары деңгейдегі сенім мен инабаттылықты көрсету, сондай – ақ кәсіпорын  ұжымының  ішінде де жарияланған қағидаттар мен жоғары стандарттарды сақтау.

7. Кәсіпқойлық – емделуші,  донор және  кәсіпорын ұжымының игілігіне, жоғары   нәтижелерге  қол жеткізу үшін тұрақты даму және оқыту негізінде өзінің барлық үздік білімдерін, мүмкіндіктері мен тәжірибелігін бағыттау.   

Cтратегиялық бағыты

  1. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету
  2. Денсаулық сақтау ұйымдарын сапалы және қауіпсіз қан компоненттерімен қамтамасыз ету
  3. Кадр әлеуетін дамыту
  4. Өндірістік және клиникалық трансфузиология  саласында жаңа технологияларды енгізу

КМҚК-ң ұйымдастырушылық құрылымы

   

  Орталықтың директоры - Жигитаев Хайрулла Туканович

      1953 жылы 6 наурызда дүниеге келген. Қазақ. 1976 жылы Семей Мемлекеттік медицина институтының  «Емдеу ісі» факультетін бітірген. 

1977 жылдың тамыз айынан 1983 жылдың наурыз айына дейін Белоусовка ауылындағы МСБ-де инфекционист-дәрігер қызметін атқарады. 1983 жылдың 21 наурызынан  Зырян ауданындағы Парыгино ауылының ОАА – ның  бас дәрігері болып қызмет атқарды. 1986 жылдың мамыр айынан 1987 жылдың ақпан айына дейін Зырян қ. қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді.   1987 жылдың ақпан айынан 1992 жылдың 22 наурызына дейін Серебрянск орталық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарды. 1992 жылдың наурыз айнынан қызметтік ауысу тәртібінде Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау бөлімінің  меңгерушісі болып тағайындалды. Осы қызметте 1998 жылдың 10 қарашасына дейін жұмыс істеді. 1998 жылы 10 қарашадаа қызметтік ауысу тәртібіне байланысты ШҚ облыстық қан орталығының директоры болып тағайындалды. 1982 жылы қазан – қараша айларында АҚШ – да, 1993 жылы маусымда медициналық сақтандыру менеджменті бойынша семинарға қатысады,  1996 жылдың наурыз айында Англияда, 1997 жылы қазан – қараша айларында АҚШ – да симпозиумға қатысады. 1995 жылы «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігіне» белгісімен марапатталған.«Заңгер» мамандығы бойынша екінші жоғары білімі бар. 2008 жылы Польшадағы гемотология институтында «Трансфузиология» мәселесі бойынша,«Денсаулық сақтау басқармасының қазіргі мәселелері» циклында  АМДБЖИ – да,  2012 жылы Павлодар қаласында Семей қаласы медициналық университетінің филиалының базасында «Клиникалық трансфузиология»  мәселелері бойынша  білімін жетілдіру курстарынан өтеді. 

Қан қызметіндегі еңбек өтілі – 17 жыл.  2011 жылы 10 қарашада Президенттің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» белгісімен марапатталған. Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары білікті дәрігер санаты және дәрігер-трансфузиолог сертификаты бар. 

         

 

Директордың медициналық ісі жөніндегі орынбасары (бірінші орынбасар) –

Шмурыгина Светлана Александровна,  

Жоғары санатты  денсаулық сақтау ісінің  және әлеуметтік гигиенаның ұйымдастырушы – дәрігері, жоғары санатты  трансфузиолог – дәрігері, қан қызметіндегі еңбек өтілі 16 жыл. «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

 

Директордың  сапаны бақылау жөніндегі орынбасары -

Войнова Татьяна Николаевна,                           

Бірінші санатты  денсаулық сақтау ісінің  және әлеуметтік гигиенаның ұйымдастырушы – дәрігері, бірінші санатты  зертханашы – дәрігері, қан қызметіндегі еңбек өтілі 16 жыл.

 

 

Бас медициналық бике –

Швайковская Татьяна Геннадьевна         

 «Бикелік ісі» мамандығы бойынша бірінші біліктілік санаты бар, қан қызметіндегі еңбек өтілі 19 жыл.

 

Директордың әкімшілік – шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары -

Костубаев Ельтай Турганович.            

 

Бас есепші -

Соколова Елена Николаевна                       

 

Бас  экономист –  

Ережепова Гаухар Газизовна.