Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері ШҚ ОҚО – ның қан банкін 30 литр қанға толықтырды

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері ШҚ ОҚО – ның қан банкін 30 литр қанға толықтырды

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері. (бұдан әрі- Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ) 2022 жылғы 26-28 желтоқсан аралығында өткен «Өмір сыйла!» атты донорлық акцияға белсене қатысты. «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК (бұдан әрі-ШҚОҚО) медициналық қызметкерлерінің көшпелі бригадасы университеттің акт залында қан алу пунктін ашты. Іс-шараны өткізуге Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ – нің әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасы көмектесті. «Қазақстанда күн сайын мыңдаған адам донорлық қанға мұқтаж. Біз бұл туралы ұмытпауымыз керек. Егер әр адам қан тапсырып, науқастарға көмектесетін болса, онда бізде донорлық қан тапшылығы болмайды. Сондықтан бәріміз бір-бірімізге көмектесіп, облыста өтеусіз қан тапсыруды қолдайық!»,- деп атап өтті университет қызметкерлері. Үш күн ішінде 100-ден астам адам ерікті түрде өтеусіз қан донорлары қатарына қосылды: барлық қажетті медициналық процедуралардан өткеннен кейін олар ШҚ ОҚО қан банкін 30 литр қанғатолықтырды. Айта кетейік, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ 10 жыл бойы осындай донорлық акцияларды белсенді қолдап келеді – көптеген қызметкерлер, студенттер, мұғалімдері «тәжірибесі бар» донорлар болып табылады. ШҚ ОҚО мамандары ұжымға өмірді сақтаудың маңызды ісіне немқұрайлы қарамағандары үшін жылы лебізін білдірді. Құрметті Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы! Сіздерді келе жатқан жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа 2023 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Жаңа жыл Сіздерді тек оң өзгерістерімен, ұмытылмас сәттерімен, қызықты кездесулерімен қуантсын.

Құрметті Өскемен қаласының және облыстың тұрғындары!Жарқын мереке-Жаңа жыл!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33