СІЗДІҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ЕГІЗІҢІЗДІ ТАБЫҢЫЗ!»

СІЗДІҢ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ЕГІЗІҢІЗДІ ТАБЫҢЫЗ!»

2025 жылғы 11-12 қарашада Облыстық қан орталығы шығыс қазақстандықтарды гемопоэздік дің жасушаларының (ГДЖ) доноры болу және сүйек кемігі донорларының ұлттық тіркелімін @registry_KZ толықтыру миссиясына қосылуға шақырады.

Бұл – Ұлттық тіркелімге қосылып, сүйек кемігін трансплантациялау ғана өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы болып табылатын ересек адамға немесе балаға өмір сыйлау мүмкіндігі. Бұл күндері барлық ниет білдірушілер қан орталығына келіп, сауалнаманы толтырып, зертханалық зерттеу үшін шағын қан үлгісін (барлығы 9 мл – бір түтікше) тапсыра алады.

Есте сақтаңыз: тіркелімге қосыла отырып, сіз біреуге өмір сүруге мүмкіндік сыйлайсыз!

Қашан: 2025 жылғы 11-12 қараша

Қайда: Өскемен қаласы, Көкжал Барақ көшесі, 11

Жол жүру: №17, 26, 43А 46, 260 бағыттары

Өзіңізбен бірге жеке куәлік болуы қажет.

Достарыңызды, туыстарыңызды және әріптестеріңізді шақырыңыз – мейірім мен ізгілік көбейе берсін!

«Өмірді құтқарушы жүрек»Мифтер, қорқыныш және шындық:”донор” сөзінің артында не жатыр

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33