Сенің күнің, студент

Сенің күнің, студент

Студент жастардың назарын ШҚО-дағы донорлық қан банкін үнемі толықтыру қажеттілігіне аудару, облыстық қан орталықтарына донорлыққа оң көзқарас қалыптастыру мақсатында 2021 жылдың 03 қарашасы мен 12 қарашасы аралығында қаламыздың барлық жоғары оқу орындарында «Сенің күнің, студент!» ұранымен донорлық акция өтті.
Бүгін, 2021 жылдың 12 қарашасында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің (бұдан әрі – С. Аманжолов атындағы ШҚУ) студенттері өздернде донорлық күн ұйымдастырып,акцияны аяқтады.
Іс-шара студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер арасында үлкен табысқа ие, жыл сайын оған қатысушылардың саны артып келеді. Осы күні донорлық қанды өтеусіз тапсыру бойынша акцияға 55 адам қатысты.
Донорлық күннің барлық қатысушыларының донор болуға деген ынтасы әртүрлі: біреу біреумен серік болып келсе, біреу рухани борыш сезімін сезініп – мұқтаж адамдарға көмектесуге келсе, ал біреулер туыстарынан үлгі алып науқасқа көмектесу үшін келді.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры Төлеген Мұхтар Әділбекұлына ынтымақтастығы және ерікті өтеусіз қан донорлығын дамыту бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығын түсінгені үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.
Бұл күні 30 адам қан тапсырды. Донорлық күннің барлық қатысушыларына үлкен рахмет!

Авторы: Мустафина М.А.

Волонтерлік саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастықты дамыту туралы МеморандумӨскемен Водоканал

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33