Адалдық пен ашықтық: ШҚОҚО-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша оқыту өтті
2025 жылдың 5 желтоқсанында «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК комплаенс-офицері Динара Жайсанбаева қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кезекті тоқсандық оқыту жүргізді.
Оқыту барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі қағидалары жан-жақты қарастырылды, соның ішінде:
* сыбайлас жемқорлық ұғымы және оның негізгі түрлері;
* сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының түрлері;
* медициналық ұйымдардағы негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;
* қызметкерлердің адал мінез-құлық қағидалары;
* мүдделер қақтығысы туралы хабарлау тәртібі;
* сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау арналары;
* сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасағаны үшін жауапкершілік.
Сонымен қатар білімді тәжірибеде бекіту мақсатында үш жағдайлық кейс талқыланды. Бұл қызметкерлер арасында адалдық, ашықтық және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.


