Адалдық пен ашықтық: ШҚОҚО-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша оқыту өтті

Адалдық пен ашықтық: ШҚОҚО-да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша оқыту өтті

2026 жылдың 17 наурызында «Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы» ШЖҚ КМК комплаенс-офицері Динара Жайсанбаева қызметкерлерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кезекті тоқсандық оқыту жүргізді.

Оқыту барысында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі қағидалары жан-жақты қарастырылды, соның ішінде:
* сыбайлас жемқорлық ұғымы және оның негізгі түрлері;
* сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының түрлері;
* медициналық ұйымдардағы негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері;
* қызметкерлердің адал мінез-құлық қағидалары;
* мүдделер қақтығысы туралы хабарлау тәртібі;
* сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау арналары;
* сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасағаны үшін жауапкершілік.

Сонымен қатар білімді тәжірибеде бекіту мақсатында үш жағдайлық кейс талқыланды. Бұл қызметкерлер арасында адалдық, ашықтық және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Егер ШҚОҚО-да лауазымды тұлға немесе қызметкер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығы жайлы қандай да бір ақпарат болса, бұл туралы комплаенс-офицерге және/немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға 1424 Call-орталығына дереу хабарлау қажет.

17 наурыз — Қайырымдылық күні(RU) Уважаемый Алексей Игоревич!

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33