Азаматтардың денсаулығын сақтауға ШҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері ауысымға келіп қана қоймай, донор бола отырып өз үлестерін қосуда

Азаматтардың денсаулығын сақтауға ШҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері ауысымға келіп қана қоймай, донор бола отырып өз үлестерін қосуда

Қазіргі заманда көптеген заманауи дәрі – дәрмектер бар, бірақ олардың арасында бір ерекше, тірі дәрі -бұл донорлық қанның компоненттері. Оған  тең келер дәрі-дәрмек  жоқ. Емдеу құралы ретінде қанды ештеңемен алмастыруға БОЛМАЙДЫ. Қанның жалғыз көзі-адам, қан доноры!

2024 жылғы 22 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар Департаментінде (бұдан әрі-ШҚО ТЖД) донор күні өтті. Бұл күні _ _ – ден астам өрт сөндірушілер ерікті өтеусіз қан донорлары қатарына қосылды, осылайша __ литрге қан компоненттерінің қорларын толықтырды.

Өрт сөндіруші -өрттерді шебер әрі тез сөндіру үшін, ержүрек адам болып қана қоймай, өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт сөндіру техникасын және отпен күресу амалдарын білуі қажет. Өрт сөндіруші епті әрі күшті болуы міндет. Өрт сөндірушілер әр минут сайын өз өмірлерін тәуекел етеді, өзіне қауіп төндіреді. Бірақ дабыл естілгенде, белгілі бір энергия резерві қосылғандай болады. Ауыр  қорғаныс киімдері мен керек-жарақтарын киіп, оқпандары бар ауыр жеңдерді алып, олар шабуыл сатылары бойынша жоғары көтеріледі, түтін арқылы жану ошағына өтеді және отты жеңеді. Құтқарылған өмір-өрт сөндірушінің ең жоғары ерлігі. ТЖ қызметкері мен құтқарушы-өрт сөндіруші-жай ғана мамандық емес, бұл адамдарға өтеусіз көмек көрсетумен ерекшеленетін мамандық. ШҚО ТЖ Департаментінің қызметкерлері отандастарының денсаулығын сақтауға өз үлестерін ауысымына кірісіп қана қоймай, донор бола отырып да қосуда.

Құтқарушыларға науқастардың өмірін сақтап қалу мақсатында  қан тапсырғандары үшін зор алғысымызды білдіреміз. Жанұяларыңызға  амандық және зор денсаулық тілейміз. Сіздердің ауыр еңбектеріңіз Сіздер құтқарған адамдардың алғыстарымен бағаланып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлдену болашағына өз үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспіз!

№4 БҰС Хабарландыру 21.02.2024жТендер тәсілімен сатып алу №2 хаттама

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33