Азаматтардың денсаулығын сақтауға ШҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері ауысымға келіп қана қоймай, донор бола отырып өз үлестерін қосуда

Азаматтардың денсаулығын сақтауға ШҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері ауысымға келіп қана қоймай, донор бола отырып өз үлестерін қосуда

Қазіргі заманда көптеген заманауи дәрі – дәрмектер бар, бірақ олардың арасында бір ерекше, тірі дәрі -бұл донорлық қанның компоненттері. Оған  тең келер дәрі-дәрмек  жоқ. Емдеу құралы ретінде қанды ештеңемен алмастыруға болмайды. Қанның жалғыз көзі-адам, қан Доноры!

2024 жылдың  25 қыркүйегінде  Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар Департаментінде (бұдан әрі-ШҚО ТЖД) №7 өрт сөндіру бөлімінде донор күні өтті. Бұл күні 45-тен астам өрт сөндіруші ерікті өтеусіз қан донорлары қатарына қосылды, осылайша қан компоненттерінің қорын 20 литр қанға толықтырды.

Өрт сөндіруші -өрттерді шебер әрі тез сөндіру үшін, ержүрек адам болып қана қоймай, өрт қауіпсіздігі ережелерін, өрт сөндіру техникасын және отпен күресу амалдарын білуі қажет. Өрт сөндіруші епті әрі күшті болуы міндет. Өрт сөндірушілер әр минут сайын өз өмірлерін тәуекел етеді, өзіне қауіп төндіреді. Бірақ дабыл естілгенде, белгілі бір энергия резерві қосылғандай болады. Ауыр  қорғаныс киімдері мен керек-жарақтарын киіп, оқпандары бар ауыр жеңдерді алып, олар шабуыл сатылары бойынша жоғары көтеріледі, түтін арқылы жану ошағына өтеді және отты жеңеді. Құтқарылған өмір-өрт сөндірушінің ең жоғары ерлігі. ТЖ қызметкері мен құтқарушы-өрт сөндіруші-жай ғана мамандық емес, бұл адамдарға өтеусіз көмек көрсетумен ерекшеленетін мамандық. ШҚО ТЖ Департаментінің қызметкерлері донор бола отырып, отандастарының денсаулығын сақтауға өз үлестерін қосуда.

Құтқарушыларға науқастардың өмірін сақтап қалу мақсатында  қан тапсырғандары үшін зор алғысымызды білдіреміз. Сіздерге зор денсаулық және жанұяларыңызға  амандық тілейміз. Сіздердің ауыр еңбектеріңіз Сіздер құтқарған адамдардың алғыстарымен бағаланып, Тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлдену болашағына өз үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспіз!

 

 

Авторы: Мустафина М.А.

 

Көптеген заманауи дәрі – дәрмектер бар, бірақ олардың арасында бір ерекше, тірі дәрі бар – бұл донорлық қанның компоненттері. Оған тең келер дәрі-дәрмек жоқ. Донорлық қан компоненттерінің негізінде бүгінде емдік әсері жаңа алынған қанның емдік әсерінен бірнеше есе асатын препараттар дайындалуда. Қан, дәрі ретінде, ештеңемен алмастырылмайды. Қанның жалғыз қайнар көзі – адам, Қан доноры!
2020 жылдың 09-10 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде (бұдан әрі – ШҚО ТЖД) донор күндері өтті. Екі күн ішінде 40-тан астам өрт сөндіруші ерікті өтеусіз қан донорлары қатарына кірді, осылайша қан компоненттерінің қорын 20 литрге толықтырды.
Өрт сөндіруші – жанашыр жан, ешқашан мейірімсізденбейтін адам, және ол әрқашан ерлікке дайын. Үлкен жүктемелерге байланысты жауынгерлер шаршайды. Бірақ дабыл қағылған кезде қандай да бір арнайы энергия қоры іске қосылғандай болады. Көп килограммдық қорғаныс киімдері мен жабдықтарын киіп, суға ісінген оқпандары бар ауыр жеңдерді ұстап, шабуылдау сатысымен жоғарыға көтеріліп, түтін арқылы өрт ошағына өтіп, өртті сөндіреді. Құтқарылған өмір-өрт сөндірушінің ең үлкен ерлігі. ТЖ қызметкері мен құтқарушы-өрт сөндіруші – бұл жай ғана мамандық емес, бұл адамдарға ақысыз көмек көрсету. ШҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері кезекшілікті қабылдау арқылы ғана емес, сонымен қатар донор болу арқылы отандастарының денсаулығын сақтауға өз үлестерін қосуда🙌.
Біз науқастардың өмірі үшін қан тапсырған💉 құтқарушыларға үлкен ризашылығымызды білдіреміз🤗.Сіздерге мықты денсаулық, батыл шешімдер, қайсар әрекеттер тілейміз🙏. Сіздердің жұмыс күндеріңізде тек тыныш күндер көп болсын🙌.

 

Биохимиялық қан талдауы –  зертханалық диагностиканың ең әмбебап әдістерінің бірі болып табылады, өйткені ол адам ағзасының барлық жүйелерінің жағдайын бағалауға мүмкіндік бередіПротокол итогов №8 – ИОИ

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33