АИТВ-на қарсы бірге
30.04.2025 ж. донорлар арасында АИТВ-жұқпасының алдын алу жөніндегі 2025 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарының негізінде донорларды медициналық куәландыру және АИТВ-на антигендер мен антиденелерді анықтау үшін донорлық қан үлгілеріне зертханалық зерттеу жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік және практикалық көмек көрсету мақсатында «ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Шығыс Қазақстан облыстық орталығы» ШЖҚ КМК мамандары мониторингтік сапармен қан орталығына барды (бұдан әрі – «ШҚО ЖИТСО»). Мамандар тіркеуден бастап, қан компоненттерін беруге дейінгі барлық өндірістік процестерден өтті, сондай-ақ апаттық жағдай туындаған кезде АИТВ-жұқпасына жедел тестілеу бойынша зертхананың іс жүзінде жұмысын көрді. Бұдан әрі, «ШҚО ЖИТСО» мамандары қан орталығының медицина қызметкерлері үшін оқыту семинарын өткізді, онда «2024 жылдың қорытындысы бойынша ШҚО мен Қазақстан Республикасында АИТВ-жұқпасы бойынша эпидемиологиялық жағдайы», «АИТВ-жұқпасы, клиника және диагностика» баяндамаларымен «ШҚО ЖИТСО» эпидемиологы Т.М. Башкирцева және дәрігер- инфекционист А.Б.Абаканова сөз сөйледі. Семинар барысында зертханалық кезеңде донорларды мұқият іріктеу, эпидемиологиялық анамнезді сапалы жинау, халықтың осал топтарын донорлыққа жібермеу, АИТВ-жұқпасының алдын алу мәселелері, төтенше жағдайлар кезінде қызметкерлердің іс-қимыл алгоритмі және т. б. мәселелер қаралды. Семинар соңында қан орталығы директорының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Т.Н.Войнова шығарылатын компоненттердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қан орталығында өткізілетін іс-шаралар кешені туралы айтты. Мамандардың көп жылғы ынтымақтастығы мен жоғары кәсібилігі үшін «ШҚО ЖИТСО»-на алғысымызды білдіреміз.