Алақай! 12 маусымда біз донорларымызбен бірге Дүннежүзілік қан доноры күнін атап өтеміз!

Алақай! 12 маусымда біз донорларымызбен бірге Дүннежүзілік қан доноры күнін атап өтеміз!

Бұл – әлемнің барлық донорларына арналған ерекше мереке. Осы күні қан қызметі
ұйымдары серіктестерімен бірге донорлардың жасаған игі таңдауына ризашылық білдіріп,
оларға шынайы алғыс айтады.
Донор болу – үміт сыйлау, өмірді құтқару және ешбір даңғаза сөзсіз нағыз адамдық ерлік
жасау дегенді білдіреді. Дәл сіздердің мейірімділіктеріңіздің, жанашырлықтарыңыз бен
бейжай қарамауларыңыздың арқасында мыңдаған науқастар сауығып кетуге және өмір
сүруге мүмкіндік алады.
Осы мереке күні шығысқазақстандықтар үшін:
мерекелік дастархан:
донациядан кейін естелік сыйлықтар:
салтанатты концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Мерекелік концерттің басталуы – сағат 10:00-де.
Донорлық акция 08:30-дан 13:30-ға дейін түскі үзіліссіз жүргізіледі.
Отбасынызбен бірге келіңіз, достарыңызды шақырыңыз және ізгілік пен өмірге арналған
осы ұлы мерекеге үлес қосыңыз!

Донорлық күнтізбеБалаларды қорғау күніне орай, 1 маусым күні Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығында өңіріміздің жанашыр тұрғындарын біріктірген донорлық акция өтті.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33