Алматы қаласының Республикалық қан орталығында өткен Қазақстан Республикасы қан қызметінің 90 жылдық мерейтойына орай оның көптеген өкілдері (қан орталықтарының мамандары, ардагерлер) жоғары кәсібилігі, адал еңбегі, іске адалдығы және қан донорлығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін түрлі марапаттарға ие болды

Алматы қаласының Республикалық қан орталығында өткен Қазақстан Республикасы қан қызметінің 90 жылдық мерейтойына орай оның көптеген өкілдері (қан орталықтарының мамандары, ардагерлер) жоғары кәсібилігі, адал еңбегі, іске адалдығы және қан донорлығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін түрлі марапаттарға ие болды

Алматы қаласының Республикалық қан орталығында өткен Қазақстан Республикасы қан қызметінің 90 жылдық мерейтойына орай оның көптеген өкілдері (қан орталықтарының мамандары, ардагерлер) жоғары кәсібилігі, адал еңбегі, іске адалдығы және қан донорлығын дамытуға қосқан зор үлесі үшін түрлі марапаттарға ие болды. Біздің қан орталығының директоры С. А. Шмурыгина Ресей трансфузиологтар қауымдастығының «2024 жылғы қан қызметінің үздік басшысы» Құрмет грамотасымен және қан қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін «ҚР трансфузиологтар қоғамының» төс белгісімен марапатталды.

Сондай-ақ, біздің құрметті қан қызметінің ардагері Х.Т. Жигитаевқа қан қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хат және естелік сыйлық табыс етілді.

Хайрулла Туканович біздің орталықты 1998 жылдан-2021 жылға дейін басқарды. Ол басшылық еткен жылдары  қан компоненттері мен препараттарының қауіпсіздігі мен жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін заманауи технологиялар енгізілді. Хайрулла Тукановичтің басшылығымен жылына 24 мың литр қан өндіретін қан орталығының жаңа ғимараты пайдалануға берілді, жыл сайынғы өткізу қабілеті– 30 мыңнан астам донор.

Шмурыгина Светлана Александровна өмірінің 20 жылдан астам уақытын қан қызметіне арнады. Оның басшылығымен 2021 жылы 100% өтеусіз донорлыққа қол жеткізілді, 2022 жылғы мамырда донорлар мен реципиенттерде HLA жүйесінің (адамның лейкоциттік антигендерінің жүйесі) антигендері мен антиденелерін зерттеумен, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Абай облыстарының пациенттерінде трансплантацияланатын органдар мен тіндердің үйлесімділігін анықтаумен айналысатын иммунологиялық типтеу зертханасы ашылды. Светлана Александровна-ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бас трансфузиолог дәрігері. Оның бастамасымен облыстың денсаулық сақтау ұйымдарымен трансфузиялық терапияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша неғұрлым тиімді және қауіпсіз пайдалану бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс жүйелі түрде жүргізіледі

Құрметті Хайрулла Туканович және Светлана Александровна! Сіздерді лайықты марапаттарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге сәттілік, табыс, жаңа шындарды бағындыру күш – қуат, тұрақтылық пен өркендеу тілейміз! Сондай-ақ зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық тілейміз!

 

12-13 қыркүйек күндері  XII ғылыми-практикалық конференция халықаралық  қатысумен Алматы қаласында «Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері» тақырыбында орасан зор іс-шара өтті – Қазақстан Республикасының қан қызметі өзінің 90 жылдығын атап өтті!ҚР қан қызметінің 90 жылдығы туралы жарияланымдарды жалғастыра отырып, осы іс-шарада өткен марапаттау туралы толығырақ айтып бергіміз келеді.

БАЙЛАНЫСТАР

070016, Қазақстан Республикасы,
Шығыс Қазақстан облысы,
Өскемен қаласы,
Көкжал Барақ к-сі, 11 – үй
Телефон: 8 (7232) 70-44-00
Факс: 8 (7232) 70-44-33